«Ең үлкені 100 жаста»: Ақтауда ұлттық киім киген 5 мың адамның басын қосқан кім?
Коллаж: Orda.kz
Ақтауда ұлттық киім киген 5 мың адам рекорд орнатты. Бұл бастаманы көтерген Әсемгүл Адамбай, деп хабарлайды Orda.kz.
22 наурыз - ұлыстың ұлы күні Ақтау қаласында ұлттық киім киген 5 мыңнан астам тұрғын жағалауда жиналып, Гиннесс рекордын орнатты. Рекорд орнату рәсімі Каспий жағалауында өтті. Әсемгүлдің ісін Маңғыстау облысының әкімдігі қолдаған. «Best fest Nauryz» шарасына 5500 адам тіркеліпті. Әсемгүл Адамбай ақтаулық блогер Шамрад Телеубаевтың сұрақтарына жауап беріп, сертификатта аты-жөні жазылмау себебін айтты.
«Менің атым жазылса ол менің жеке рекордым болуы керек еді. Бұл -ұлттық рекорд. Менің бар ойым Маңғыстау халқына алып беру болды. Бірақ оның басында бір адам болуы керек қой», - деді ол.
Бұл іс-шара барысында 60 ерікті қызмет еткен. Олар қатысушылардың киімдерін түгелдеп, алдын-ала дайындаған.
«Ең үлкен қатысушы 100 жаста болды. Өзім батасын алдым. Әйел кісі еді. Есімін сұрамаппын», - дейді Әсемгүл Адамбай.
Белсенді қолдап келген Маңғыстау халқына алғысын жаудырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық