«Ең адал полицей» ретінде танылған Азамат Айымбетов сотталды
Фото: Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі
Шымкентте потрульдік 8-ротаның полиция қызметкері Азамат Айымбетов сотталды.
Азамат Айымбетовке 26 маусымда үкім шықты. Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігі «Бопсалау арқылы пара алу» бойынша кінәлі деп танылды. Сот оны жеті жылға бас бостандығынан айырды, ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.
Полицейдің адвокаты Талғат Есімов сот үкіміне шағым жасайтынын атап өтті.
Азамат Айымбетов 13 маусымда сотқа тартылды. Тергеу мәліметінше, ол әкімшілік жауапкершілікке тартпаймын деп жүргізуші мен оның құрбысынан ақша алған. Іс материалдары бойынша ол 700 мың теңге сұратқан.
Еске салайық, Азамат Айымбетов осыдан екі жыл бұрын басшысы полковник Мұхтар Бұхарбаевқа қарсы арыз жазып, оны бопсалады деп айыптап, танымал болды. Артынша полицей президент пен ішкі істер министріне Бұхарбаевтың қымбат заттар, авиабилет, жиһаз, тіпті шырша сатып алуға мәжбүрлегенін айтып, халыққа видеоүндеу түсірген.
Айымбетовтың мәлімдемесінен кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет істі өз бақылауына алды. Ақырында Бұхарбаев кінәлі деп танылып, түрмеге жабылды. Осыдан кейін Айымбетов тіпті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрескерлердің марапатына ие болып, қазақстандықтар арасында белгілі бір атақ алды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық