Емханаға келгеніңізді QR арқылы бекіте аласыз
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев QR-код арқылы пациенттер дәрігерге барғанын растай алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Астана, Алматы және Солтүстік Қазақстан облысының кейбір емханаларында пилоттық жоба іске қосылды, соның арқасында емделушілер емханаға барғанын растайды немесе бас тарта алады.
«Емханалар мен клиникалардағы дәрігерлердің жұмыс орнында QR коды болады. Науқас eGov мобильді қосымшасы арқылы QR кодын сканерлейді, содан кейін қосымша науқас туралы ақпаратты: емді бастаған, аяқтағанын, қай медициналық ұйымға келгені және дәрігердің аты-жөнін көрсетеді. Осылайша ол қабылдауда болғанын растай немесе жоққа шығарады», - деп түсіндірді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев.
Оның айтуынша, ол жерде емделуші медициналық көмек көрсетуге және жеке деректерін өңдеуге келісім бере алады.
«Науқас емханаға бірінші рет келген кезде қағаз жүзінде медициналық көмекке келісім беруі қажет. Біз бұл үдерістердің барлығын толығымен электронды форматқа көшіреміз. Бұл ақпарат Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жіберіледі. Онда көрсетілген қызметтерді төлеу немесе төлеуден бас тарту туралы шешім қабылданады», - деп қосты Бейбіт Есенбаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық