Емхана есепшілері 340 млн теңге жымқырған
Фото: gov.kz
Алматы қаласында емхана есепшілері қомақты қаржыны заңсыз құртып келген.
Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында №30 қалалық емхананың бас есепшісі мен аурухананың есепшісіне қатысты, бөтен мүлікті аса ірі көлемде иемдену немесе ысырап ету туралы қылмыстық іс қаралды.
Бас бухгалтер мен есепші 2019 жылдың маусымнан 2023 жылдың қараша айына дейін жұмыс істемейтін адамдардың шоттарына жалақы мен үстемелерді есептеп ақша аударып келген.
Салдарынан мемлекетке жалпы сомасы – 340 млн теңге материалдық зиян келтірілді.
Сотта сотталушылар өз кінәләрін толық мойындады. Сот үкімімен бас бухгалтер кінәлі деп танылып оған 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал есепшіге 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ олар енді 5 жылға дейін материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Жаңалықтар
- Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға қатысты жазадан құтылды
- Көпмиллиардтық қаражатқа салынып жатқан Ертіс үстіндегі көпір тағы өртенді
- Тоқаев Израиль президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- Астана қазақ-тәжік қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасы талқыланды
- Көпжылдық сенім қылмысқа ұласты: Жетісу тұрғынының 46 млн теңгеге бағаланған малы ұрланды
- Маңғыстау даласын қоқыс жапты: Аймақ даулы бейнежазбадан кейін тазартылды
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған