«Ем-домды карцерде жасады»: Денсаулығы нашарлаған Думан Мұхаммедкәрімнің түрме басшылығына жазғаны
Коллаж: Orda.kz
«Тыйым салынған ұйымның ісіне араласу» және «экстремизмді қаржыландыру» айыптары тағылған Думан Мұхаммедкәрім денсаулығы әбден нашарлаған соң, түрме басшылына қатаң ұстау үй жайына ауыстыруын сұрап, талап қойды, деп хабарлайды Orda.kz.
9 шілде күні 47 жасқа толған туған күнін журналист Думан Мұхаммедкәрім Қызылорда түрмесінде өткізді. Оған белсенділер мен журналистер барып қайтты. Orda.kz тілшісі оның адвокаты Ғалым Нұрпейісовке хабарласып, мән-жайды сұраған еді. Адвокат бізге Думан Мұхаммедкәрімнің хатын жолдады.
Хатта Думан Мұхаммедкәрім бүйрегі, бауыры, қуығы және белінің қатты ауыратыны және нашарлай бастағанын айтып, өзін қатаң ұстайтын, бірақ үй жағдайы бар камераға ауыстыруды сұрайды. Сонымен қатар ол карцер сияқты жерде жатқанын, түрме басшылығының айтқан себептері үшін ауруханаға барып ем-дом ала алмағанын да жазды.
«Мен Мұхаммедкәрім Д. А. денсаулығымның күннен күнге нашарлауына байланысты келесідей талап қоюға мәжбүрмін. Бүйрегім, бауырым, қуығым және белімнің қатты ауыратыны және нашарлай түскені сізге белгілі. Тиісті анықтамалар сізде жеткілікті. Оның үстіне өткен айдың отызы (30.06.2025) күні мен осы Қызылордадағы №3 ем-дом қабылдауым тиіс еді. Портал келіп тұрғанына қарамастан сіздердің тараптарыңыздан келтірілген түрлі себептермен мен ауруханаға жатып емделе алмадым. Алайда ем-дом шаралары менің өтінішіммен ауруым асқынып бара жатқандықтан осы № 60 мекемесіндегі № 2 жалғызкісілік камерада (шындығында карцерде) жүріп жатыр. Негізі мен жатқан қапас науқас түгілі сау адамға ауыр. Төсек орны, әжетханасы және стол-орындығы маған қолайсыз. Сондықтан мені қатаң ұстау үй жайына ауыстыруыңызды талап етемін», — деді Думан Мұхаммедкәрім.
Ол қазіргі жалғызкісілік камерада сұраған соң көрсетіп жатқан медициналық көмектің ауруынан айықтыра алмайтынын басшылықтың білетінін, мүгедек қылуды көздемесе осы талаптан бас тартпайды деген ойда екенін жазды.
«Осы күнде жүріп жатқан ем-дом шаралары мені 100% ауруымнан айықтыра алмайтынын білесіз. Яғни, уақытша дүниемен алданбай, маған денсаулығыма қолайлы жағдай жасауыңызды талап етемін. Десе де, есіңізге саламын, мен саяси көзқарасым бойынша түрме киімін киюден және абаттандыру жұмыстарынан бас тартамын. Ал сіз мені денсаулығыма зиян келмейтін жердегі (қатаң ұстау үй жайында) жалғыз адамдық қапаста ұстай беріңіз. Егер мақсаттарыңыз мені мүгедек қылу болмаса, менің талабымды орындаудан бас тартпайсыз деген ойдамын», — деді Думан Мұхаммедкәрім.
Думан Мұхаммедкәрім — «Ne Deidi?» YouTube-арнасының авторы. 2023 жылы Думан Мұхаммедкәрімге 405-баптың, 2-бөлігіндегі «тыйым салынған ұйымның ісіне араласу» және «экстремизмді қаржыландыру» айыптары тағылған болатын. Оның айыпталуына Қазақстанда тыйым салынған, экстремистік ұйым деп танылған ҚДТ жетекшісі Мұхтар Әбілязовтен алған сұхбаты себеп болды. Айта кетейік, ол 405-баптың 2-бөлігі және 258-баптың 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 7 жыл бас бостандығынан айырылған еді.
Еске сала кетсек, Orda.kz басылымының бас редактор Гүлнәр Бажкенова биліктің тарапынан көрген қысымы жайлы бүкпесіз баяндап берді. Біздің қызметкерлеріміз тұратын жерге бейтаныс адамдар келіп, өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, көршілерден сұрақ-жауап алып, жасанды суреттерді көрсетіп, журналистің іздеуде жүргенін айтып кеткен жағдайлар да болды. Гүлнәр Бажкенова Әблязовтен алған сұхбаты жайлы да осы бейнешығарылымда баяндап берді. Толығырақ материалдан оқыңыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық