Елордалық досынан жарты миллион теңге ұрлап кеткен
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полицейлер бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотталған 30 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғынын ұстады.
Бұл туралы Orda.kz елордалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Тергеу барысында күдікті досын сөйлесуге шақырып алған. Көлігіне отырып, миллион теңге қарызға сұраған. Зардап шегуші жанында ондай ақша жоқтығын айтып, көліктегі 500 мың теңгені қарызға алуды ұсынған.
Біраз уақыттан кейін танысы күдіктіні көлікте жалғыз қалдырып, дүкенге шығып кеткен. Мүмкіндікті пайдаланып, ол ақшаны қолды еткен.
Көлік иесі келген соң ер адам күдік туғызбай, әңгімені жалғастырған. Артынша ол 500 мың теңге қажет емес екенін айтып, танысымен қоштасып, көлігінен шығып кеткен.
Ақшаның ұрланғанын анықтаған зардап шегуші полицияға жүгінген. Полиция ұсталған ер адам қылмысты мойындады. Қылмыстық іс қозғалды, оның бұрын елордада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы анықталуда деді.
Кейінірек полиция күдікті ұрланған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын анықтады.
Жаңалықтар
- Тоқаев Украина президентін Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады
- 150 мың SMS-бластер: Алаяқтар сүзгілеу жүйелерін айналып өтудің жолын тапқан
- Павлодарда ер адам тротуардың астындағы қайнаған суға құлап, күйіп қалды
- Тамызда Қазақстанның кей өңірлерінде қар жаууы мүмкін
- Қазақстанда бірнеше ведомство басшылары лауазымдарына қайта тағайындалды
- Магистратура — 2026-2027: Грант иегерлерінің тізімі
- Тоқаев білім жүлдегерлеріне 6,5 млн-дық сыйақы сертификатын тапсырды
- Алматыда тұрғын үйдегі өрттен бір адам қаза тапты, тағы төртеуі ауруханада
- ШҚО-да ер адам бірнеше жыл бойы қызын зорлаған
- Министрлік көлік жүргізушілерге үндеу жасады
- «Аз жалақыға ауыр жұмыс істейді»: Коммуналдық қызметкерлерді сынап басы дауға қалды
- Леңгірде бетперде киген адамдар үйге кіріп, әйелді бірнеше сағат бойы ұстаған
- Павлодар облысында трактор екі баланы қағып кетті
- Жаңа оқу жылы: Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
- Әуежайда бет-жүзбен 15 секундта тексеру: Қазақстанда жолаушылар үшін не өзгереді?
- Президент дзюдошыларды жастар арасындағы әлем чемпионатындағы үздік жеңісімен құттықтады
- ОСК Құрылтай сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады: Бес партия мандат алады
- Маңғыстауда 16 жастағы қызға зорлық-зомбылық жасаған соңғы күдікті ұсталды
- Бас прокуратура мемлекетке келтірілген 66,5 млрд теңге залалды анықтады
- Қазақстандықтардың шетелден Құрылтай сайлауына қатысу көрсеткіші 84,8 пайыз болды