Елорда балабақшасында 2 жасар баланы ұрып-соққан
Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы жекеменшік балабақшаға барған сәбиді ұрып-соғып, тұншықтырған суреттер тарады.
Sputnik Қазақстан хабарлағандай, оқиғаның мән-жайын зардап шеккен екі жасар қыздың анасы айтып берді. Елорда жұртшылығы бұл оқиға туралы жергілікті парақшаларда таратқан.
2 қаңтарда қызын балабақшадан алып кеткен анасы баласының жарақатынан шошып кеткен.
«Қызым әлі екіге толмаған. 12 қаңтар күні мен баланы жекеменшік балабақшадан алып кеттім. Білегінде көгерген жерлерді, мойнындағы тұншықтырған іздерді көріп, шошып кеттім. Болған оқиғаны көргендер үндемейді» дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын Марина.
Оның айтуынша, сәбиінде оған дейін мұндай жарақат болмаған. Бірақ 10, 11 және 12 қаңтар күндері қызы бала бақшаға барғысы келмеген. Маринаның айтуынша, қызының тілі әлі шықпаған.
Әйелдің айтуынша, тәрбиешіге қатысты іс қозғалды. Бірақ бір аптадан кейін тергеуші оған медициналық сараптаманың нәтижелері әлі белгісіз екенін айтқан.
Қыздың анасы істің қозғалмайтынына алаңдап, қоғамнан көмек сұрады.
Полициядан мәлім еткендей, жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл іс полиция департаменті басшылығының бақылауында» делінген таратылған түсініктемеде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық