Елордада жүргізушілерге жол көрсеткен жолаушы жазаға тартылуы мүмкін
Скриншот
Желіде Нұр-Сұлтанда жас жігіттің жол қиылысындағы көлік қозғалысын жеңілдетуге көмектескен видеосы тарады.
Оқиға Мұңайтпасов пен Сәтбаев көшелерінің қиылысында болған. Видео авторының айтуынша, бағдаршам сөніп қап, қиылыста көлік кептелісі орын алған. Жас жігіт 20 минуттай қиылысты басқарып, жүргізушілерге көмектескен.
«Жол полицейлерінің келе жатқанына 40 минут болды. Кептелісті түгел тарқатты» дейді видео авторы.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның 16 қараша күні болғанын хабарлады.
«Сағат 16:25 шамасында Мұңайтпасов-Сәтбаев қиылысында апатты жағдайда электр жарығы өшіп қалғандықтан бағдаршам жұмыс істемей қалды. Оқиға орнына полиция отряды жіберілді.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтарға мұндай әрекеттер біліктілігі жоқ жол диспетчерінің, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіпті екенін ескертеді. Мұндай жағдайларда дереу полицияға немесе «102» мобильді қосымшасына хабарласыңыз» деп түсіндірді департаментте.
Осыған ұқсас жағдай Ақтау қаласында да орын алған. Бағдаршам сөніп қалып, ұзын-сонар кептеліс қалыптасқан. Жас жігіт көшеге шығып оны тарқатқан. Алайда, азаматтың игі ісі бойынша Ақтау қалалық полиция басқармасы қызметтік тергеу жүргізіп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық