Елордада өз бетінше құрылыс жүргізу мәселелері талқыланды
Елордада тұрғын үй нысандарын өз бетінше салу мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.
Оған мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев қатысты. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, елордада тұрғын үй нысандарын өз бетінше салу мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылған. Оның құрамына мемлекеттік органдар қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, соның ішінде Қазақстан құрылысшылар одағы мен Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының өкілдері кірді.
Жұмыстар 2021 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Үлестік құрылыс және кооперативтер жөніндегі Жол картасы аясында жүзеге асырылуда, ол азаматтардың үлестік қатысу тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған.
Жұмыс тобының қызметі рұқсат етілмеген құрылыстарды анықтауға ғана емес, рұқсат құжаттары жоқ құрылыс салушыларға да жан-жақты көмек көрсетуге бағытталған. Осылайша, мұндай құрылыс компанияларының санын қысқарту көзделуде.
Мәселен, өткен жиында Есіл ауданына рұқсат қағазы жоқ құрылыс салушылардан түсініктемелер тыңдалды. Олардың қатарында «Вестерос Констракшн» ЖШС, «ТитанСтрой KZ», «Комфорт Тельман» ЖШС, «Саяхат Жайық» ЖШС, «Астана халықаралық университеті» ЖШС, «Сенсата девелопмент», «Айз құрылыс» ЖШС бар.
Тізімде көрсетілген ұйымдардың барлығына заңсыз кәсіпкерлік қызметі үшін жауапкершілік туралы хабарлама берілді. Қазірдің өзінде құрылыстары сатылып жатқан компанияларға құжаттар алынғанша барлық сату туралы хабарландыруларды тоқтату талап етілді.
Сондай-ақ рұқсат құжаттары жоқ құрылыс салушыларға жан-жақты көмек көрсету мақсатында мемлекеттік органдармен бірлесіп нақты іс-шаралар жоспарын жасау ұсынылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық