Елордада қылмыс деңгейі төмендеді
Елордада 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыс деңгейі 40,2% төмендеді. Бұл туралы Аntikor.live жобасында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Айгүл Қайдарова айтты, деп хабарлайды ORDA тілшісі.
«Нұр-Сұлтан қаласында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтіп жатыр. Акция 25 қарашада басталған. Бүгін осы акцияны қорытындылаймыз. Осы жемқорлыққа қарсы орталықпен бірлесе жұмыс істеудегі мақсат – халықты ақпараттандыру, яғни сіздердің платформа арқылы атқарылып жатқан жұмыс туралы ақпарат беру. Осы жылдың 11 айы бойынша ақпарат беріп өтсек, әйелдердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында және бұл мәселе осы жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауында да көрініс тапқан болатын. Қазіргі уақытта тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің өсуі байқалады. Оған себеп – биыл пандемияға байланысты адамдарды оқшаулауға мәжбүрлеу жағдайы. Пандемия кезінде бір бөлмелі пәтерде бірнеше отбасы мүшесі бірге тұрған жағдайлар болды. Себепсіз дүкенге, далаға шықпау туралы талаптар, көп адамның жұмыссыз қалуы балаға да, ересектерге де кері әсерін тигізді. Осы себепті тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері артты», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Айгүл Қайдарова.
Судьяның айтуынша, 11 айдың қорытындысында қылмыстың тіркелуі 37,1% төмендеді.
«Қазіргі таңда бізде қылмысты ашу жақсы жолға қойылған. Қазір цифрлық технология заманы, сондықтан қылмысты ашу бұрынғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда оңай. Қылмыстың алдын алу шаралары бойынша жұмыстар да күшейтілді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері 24/7 режимінде жұмыс істейді. Жалпы тұрмыстық салада жасалатын құқық бұзушылық, қылмыстың көбі алкоголь ішімдіктің кесірінен орын алады. Елордада 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыс деңгейі 40,2% төмендеді», - дейді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық