Елордадағы заңсыз базарлардың орнына қоғамдық кеңістік салынады
Нұр-Сұлтанда бос аумақтарды, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар басталды. Қала тұрғындарына арналған алаңдардың сырт көрінісін жақсартуға ерекше назар аударылады деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.
Елордада заңсыз сауда орындарымен күресуде. Мәселен «Шапағат» коммуналдық базарының жанындағы заңсыз саудаға тұрғындар шығымдануда. Олар жергілікті атқарушы мекемелерден бұл маңайға шағын гүлзар немесе саябақ салу туралы өтінді.
— Осында тұрып жатқаныма 7 жыл болды. Ана ретінде үйіміздің маңында болып жатқан мәселелерге қатты алаңдаймын. Осыған байланысты әкімдікке жағдайды хабарладық. Әрине, мұндағы жағдайдың өзгергенін қалаймын, - дейді аудан тұрғыны Зарина Исказина.
Полиция аталған сауда орнының қызметі Жер және Кәсіпкерлік заңының талаптарына сай келмейтінін атты. Құқық қорғау органдары қызметкерлері тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, бірақ айыппұлдың жиі салынғанына қарамастан саудагерлер саудасын тоқтатар емес.
Дегенмен әкімдік өкілдерімен кездесу кезінде өздерінің мәселелерін айтып, сауданы өзге орынға көшіруге қарсы еместіктерін білдірді.
— Ең алдымен, бұл базардың жұмысы жер және кәсіпкерлік заңына қайшы. Бұл жерде ешқандай санитарлық, қауіпсіздік ережелері сақталмайды. Сарыарқа ауданы әкімдігіне осы алаңда орналасқан үйлердің тұрғындарынан тұрақ аймағы бар аллея ашу туралы көптеген өтініш түсуде. Қазіргі уақытта урбанистика орталығымен бірлесіп алаңның жобалық эскизін бекіту жұмыстары жүргізілуде. Аудандық әкімдіктің қызметкерлері саудагерлермен кездесіп, қабылдау ұйымдастырдық. Әрқайсысының мәселесін жеке қарастырып, құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша кеңестер бердік. Ең бастысы саудагерлерге заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, басқа сауда орындарын ұсынып отырмыз , - дейді Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Әбдірахман Дауленбаев.
Саудагерлерге Жапар сауда үйінің жанынан және Ш.Қосшығұлұлы, 14 мекенжайынан орындар ұсынылды. Қазіргі уақытта саудагерлердің басым бөлігі осы орындарда жұмысын жалғастыруға келісітіп отыр.
— Бізге ұсынған сауда орындары көңілімізден шықты. Бұрын күннің астында, жерде отырсақ, енді шатыры бар, қоршалған, ыңғайлы орынға көшеміз. Ең бастысы заңды түрде жұмыс істейтінімізге қуаныштымыз, - деді саудагерлер.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық