Елордада «тыйым салынған ұйымға қатысы бар» деген күдікпен екі белсенді үйқамаққа алынды
Алдыңғы күні түнде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу Veritas құқық қорғау ұйымының белсенділеріне шешім шығарды.
Veritas белсенділері Әлия Жақыпова мен Айнұр Мырзалиеваны екі айға үйқамаққа алатын болды. Ақпаратты құқық қорғаушылар хабарлады.
Сейсенбі күні тергеуші «тыйым салынған ұйым ісіне араласты» деген күдікпен Мырзалиеваны полиция бөлімшесіне шақырады. Белсенді өзіне бұлтартпас шара қолдану туралы сот болатынын артынан естіген.
«Маған, адвокатыма ешкім ештеңе айтпады, ешкім іспен таныспаған. Біз судьяны ауыстыруды талап еттік, талабымыз қаралмады. Бізде процеске дайындалуға уақыт та болмады», - дейді Мырзалиева.
Судья тергеушінің бұлтартпас жазасын қолдану туралы өтінішін қанағаттандырған. Сонымен қатар отбасы, адвокаты, тергеушілерден басқа ешкіммен араласпауды тапсырып, байланыс құралдарын қолдануға тыйым салған.
Бір күн бұрын Алматы тергеу соты белсенді Диана Баймағамбетованы екі айға қамауға рұқсат берген. Сейсенбі күні төрт белсенді Асхат Жексебаев, Қайрат Қылышев, Абай Бегімбетов және Ноян Рақымжановтың қамау мерзімі ұзартылды. Қазақстандық құқық қорғаушылар төртеуін де саяси тұтқындар қатарына қосқан. Сондай-ақ, 15 желтоқсанда Алматы соты белсенді Дәметкен Аспандиярованың үйқамақ мерзімін 23 қаңтарға дейін ұзартты.
Қазақстан құқық қорғаушыларының мәліметінше, қазіргі кезде сот шешімімен тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» және «Көше партиясы» қозғалысына қатысы бар деп күдікке ілінген немесе айыпталған 110-нан астам адам бар.
Құқық қорғаушылар 10 қаңтарға белгіленген парламент сайлауы қарсаңында қудаланған белсенділер көбейгенін атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық