Елордада танымал асаба бойжеткенді зорлады
Фото: Ашық дереккөзден
Не молчи қорының жетекшісі Дина Таңсәрі елордада танымал асаба бойжеткенді зорлады деп мәлімдеді.
Оқиға 2021 жылдың 5 наурызынды орын алған.
Зардап шегушінің айтуынша, асаба оны көлікте зорлаған. Әпкесінің тойынан кейін асаба оған бірнеше рет үйіне жеткізіп салуға ұсыныс жасаған.
«Ол мені іс-шарадан кейін үйге жеткізіп салуға ұсыныс жасады. Менің әпкемнің тойында асаба болды. Той кезінде үш рет маған келіп кеткен. Бас тартып, туыстарыммен бірге қайтатынымды айттым. Әпкеммен бірге тұрған кезде Т.С қасыма келіп, мені апарып тастауды ұсынды. Әпкем «бір бағытта жүрсеңдер, барыңдар» деді. Екеуміз мейрамханадан шығып, көлігіне отырдық. Бізбен бірге тағы оның әріптестері бір қыз бен жігіт болды. Мен артқы жолаушылар орындығында отырдым. Қыз оң жағалаудан түсіп қалды, ал біз үшеуіміз сол жағалауға жол тарттық. Жолда алдыңғы жақта отырған жігіт түсіп, дүкенге кірді. Темекі әкеліп берді. Т.С. көлікті тоқтатып, артқы орындыққа ауысты.
Содан соң ол маған тиісе бастады. Қарсылық көрсеттім. Үстіңгі киімімнің түймесін ағытты. Артқы орындыққа арқаммен құлап, басымды ұрып алдым. Белдемше мен колготкиді шеше бастады. Қолым оның астында қалып қалды. Сүйіп, әртүрлі сөздер айтты. Мен оған айқайлап, бұлай жасамауын сұрадым. Содан соң ол маған «қызсың ба?» деп айқайлады. «Иә» деп жауап берген едім, «сенің қыздығыңа тиіспеймін, өзім «бітіремін» деді. Содан соң мен қолымды сыртқа шығармақ болып едім, ол терезені жауып үлгерді. Ол әрекеттерін жалғастыра берді, содан соң ішімнің астында ыстық әлдене сездім. Ол майлықтарды алып, жан-жақты сүрте бастады. Мен киініп, көліктен шыққым келді. Ол мені жеткізіп тастайтынын айтты. Алайда мен онымен бірге қайтпайтынымды айттым, содан соң біз тасжолға шықтық, ол маған такси тоқтатты да, мен қайтып кеттім» дейді зардап шегуші қыз.
Оның айтуынша, ол оқиғадан кейін екі күн бойы есін жия алмаған.
«Шок жағдайында болдым. 8 наурызда арыз жаздым, сол күні маған сараптамалар тағайындалды, барлығы расталды. Дене жарақаттары, сол және оң жақ жамбастың қанталауы бар. Осы уақыт аралығында оның әйелі жұмысыма келіп, күйеуі үшін кешірім сұрады. Арызды қайтып алуымды өтінді. Біз Т.С-мен АІІБ-де кездестік, ол жақта да маған қысым жасалды» деді ол.
Дәлел болса да, іс жабулы
Іс 9 ай жабулы тұрған.
«Ол танымал тамада екенін түсінемін, бірақ бұл оған осылай істеп, жазасыз қалуға мүмкіндік бермейді» деді бойжеткен.
Дина Таңсәрі мұндай жабылған істер қалыпқа айналғанын алға тартты.
«Бұл қыз еркек деген не екенін білмеген, ер адамның ойын түсінбеген, қатты қорқып қалған. Бірақ Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінде барлық зорлық келісіммен болатын сияқты» деп жазды қор басшысы.
ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша Есіл аудандық полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Тергеу нәтижелері бойынша жәбірленушінің айғақтарын растайтын жеткілікті және сенімді дәлелдемелер алынған жоқ. Осыған байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл шешім прокурормен келісілді» деді полиция департаментінде.
Жаңалықтар
- Қазақстан мен Қырғызстан полицейлері Шымкентте есірткі трафигінің жолын кесті
- Қазақстанға алғаш рет Кипр президенті келеді
- Жетісу облысы тұрғындарының қарсылығынан кейін құны 30 миллиард теңгелік жоба іске аспады
- Астана мен Алматыдан кейін полицияға көмекші робот-иттер Ақтауда қолданылады
- Қазақстанда бейрезидент тұлғаларға банк шоттарын ашу тәртібі өзгереді
- Ақтауда 1248 студент академиялық жауапсыздық күдігіне ілініп, 14-і оқудан шығарылды
- Балаң балағат айтса — айыппұлыңды дайында
- Токиода Азия елдеріндегі қазақ диаспорасының съезі өтті
- ШҚО-дағы KAZ Minerals компаниясының Артемьев шахтасы опырылып, кенші қаза тапты
- Президент Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жариялады
- Ұлыбритания, АҚШ және Аустралия суасты дрон бағдарламасын іске қосты
- Ресей 2030 жылға қарай автокөліктерге алкоқұлып орнатады
- Жылжымайтын мүлікке арналған техникалық паспорт онлайн рәсімделеді
- Еліміз балаларға медициналық көмек көрсетудің гибридті моделін енгізеді
- 200 тоннадан астам зақымданған астық елге кіргізілмей, экспорттаушы елге қайтарылды
- Прокуратура Алматы облысында 800-ден астам құқықбұзушылықты анықтады
- Bloomberg — Қазақстан өңірдегі цифрландыру көшбасшысы
- Жаңа Конституцияның қабылдануына орай кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін?
- Еліміздегі ҰБТ-дан шекті балл жинаған талапкерлер күмән туғызды
- Жалған жұмыс арқылы әлеуметтік төлем алғандарға қатысты 38 қылмыстық іс қозғалды