Елордада сотталушы сүйіктісімен некесін қиды
Фото: Turkistan.kz
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЕЦ-166/10 мекемесiнде жазасын өтеуші 3 жыл бұрын бостандықта танысқан сүйіктісімен заңды некесін қиды.
Turkistan басылымының хабарлауынша, жазасын өтеуші бостандыққа шыққан соң отбасына қамқор болып, болашақта балалы болуды армандайтынын айтты.
«Түзету мекемесінде жақындарыңмен көрісуге мүмкіндік беріледі. Енді мен жарыммен кездесіп тұрамын және мені күтетін адамның барын біліп, бостандыққа тез шығуға тырысамын» деді ол.
Ол жарының жаза мерзімінің бітуін күтіп, оған барынша қолдау көрсететініне сендірді.
Бұл алғашқы неке емес. Мұндай жағдайлар арасында орын алып тұрады. Айыпталушылар қоғамнан өз орнын табуға, отбасын асырауға ұмтылып, теріс жолдан бойын аулақ ұстайды.
Сондай-ақ, отбасылылардың мерзімі қысқартылып жатады. Түзету мекемелерiнде жазасын өтеушілердің некесiн қиюдағы басты мақсат – жанұя алдындағы жауапкершiлiктi сезiндiру.
«Некелесу бұл ерлі зайыптылар үшін өте маңызды, жауапты шешім. Біздің қызметкерлер бұл жолда жазаланушыларға асықпай ойлануына кеңес береді. Осылайша түпкі шешім шыққан болса біз құжаттарды заңдастыруға көмектесеміз» деді ЕЦ-166/10 мекемесі бастығының міндетін атқарушы әділет майоры Нұрғали Әжіханұлы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық