Елордада полицейлер көпбалалы ананың үш айлық сәбиін тартып алған
Скриншот
Елордада полицейлер көпбалалы ананың үш айлық баласын тартып алған.
Алматы телеарнасының хабарлауынша, 23 жастағы келіншек жақында ажырасып, құжаттары болмағандықтан, қайыр сұрауға мәжбүр болған.
23 жастағы Яна Кардянның төрт баласы бар. Оның құжаттары болмағандықтан, ол қайыр сұрауға шыққан. Кенже баласына қарайтын адам болмағандықтан, оны өзімен алып шыққан.
Осыдан үш ай бұрын Янаны мешіт алдында қайыр сұрап отырған жерінен полицейлер бөлімшеге алып кеткен.
«Қызметкерлер мені жеңіл жүрістісің деп айыптады. Алайда мен ішімдік ішпеймін. Мені көпшілік адам біледі. Мен өз балаларымды ренжіткен емеспін. Балаларым жылы жерде, қарындары тоқ, киімдері таза. Мен мемлекеттен және әкімдіктен құжаттарымды жасауға көмек берулерін сұраймын» деді Яна.
23 жастағы келіншектің сөзін оның достары мен таныстары да растап отыр.
«Мен оны көптен бері танимын. Ол ешқашан ішімдік ішпейді, шылым шекпейді. Жақында болған жағдайды естіп қатты таңғалдым. Анасынан қалайша сәбиін ажыратып алып кетуге болады?» деді көршісі Надежда Ляхова.
Полиция қызметкерлері анасы мен баласында құжаттар болмағандықтан, сәбиді балалар үйіне өткізгендерін айтты.
Яна ата-анасыз өскендіктен, қазір оған көмек қолын созатын ешкім жоқ. Оның бар үміті – мемлекет қана.
«Мен бұлай өмір сүруден шаршадым. Құжаттарым болмағандықтан еш жерге жұмысқа тұра алмай жүрмін. Балаларымды да балабақшаға, тіпті ауруханаға қабылдамайды. Олар сырқаттанса үйден емдеуге мәжбүрмін» деді 23 жастағы ана.
Яна балалар үйіне барып, сәбиімен көрісіп тұра алады. Енді ол баласын қайтарып алу үшін генетикалық сараптама жүргізуі керек. Ол 1-3 ай уақыт алады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық