Елордада полицейлер бес айлық сәбиді автозакқа салып әкетті
Фото: Telegram / ABZHAN NEWS
Бүгін «Астана» концерт залының аумағында бірнеше адам ұсталды. Оның ішінде арбадағы бес айлық сәби де бар. Полицейлер оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Нұр-Сұлтан қалалық ІІД баспасөз қызметінің айтуынша, автобустардың біріне арбадағы бес айлық сәби мен әйелдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін отырғызылған.
Бұған дейін әлеуметтік желіде полицейлердің арбадағы сәбиді тиеп жатқан видеосын куәгерлер жариялаған болатын.
«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полицейлер бес айлық сәби мен 30 жастағы елорда тұрғынын шағын автобуспен тұрғылықты жеріне жеткізген» деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, полиция наразылық білдірушілердің бірнешеуінің (саны көрсетілмеген) мән-жайды анықтау үшін шынымен де аудандық ПД-не жеткізілгенін хабарлады.
Полицейлердің мәліметінше, 2022 жылдың 4 қаңтарында бір топ азамат «Астана» концерт залы аумағында рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырмақ болған. Жергілікті атқарушы орган өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
Еске салсақ, әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтанда бірнеше ондаған адамның Маңғыстау облысының тұрғындарын қолдау үшін рұқсат етілмеген митингіге жиналғаны хабарланған болатын. Онда 2 қаңтардан бастап облыстың Жаңаөзен, Құрық, Ақшұқыр, Ақтау және басқа да елді мекендерінде стихиялық митингілер басталды. Оған көліктерге жанармай құю үшін сұйытылған газ құнының күрт өсуі себеп болды. Оның бағасы жанармай құю бекеттерінде 1 қаңтардан бастап литрі 120 теңгеге дейін көтерілді. Халық бағаны 50 теңгеге дейін түсіруді талап етуде.
Өңір тұрғындарының наразылығына ҚР Энергетика министрлігі енді газ бағасын сұраныс пен ұсынысқа сай нарықтың өзі қалыптастыратынын түсіндірді.
Қаңтардың 2-нен 3-іне қараған түні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды шұғыл қарастыруды тапсырғанын жазды.
ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын қарау жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды. Ол қазірдің өзінде Ақтауға келіп, жұмысқа кірісіп кетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық