Елордада мүмкіндігі шектеулі жандар наразылық науқанына шықты
Нұр-Сұлтанда Еуроодақ ғимаратының алдында мүмкіндігі шектеулі жандардың шеруі өтіп жатыр. Наразылық науқанына 20 шақты адам келген. Оның ішінде экс-депутат Нұржан Әлтаев та бар.
Жиналғандар Қазақстандағы мүгедектердің құқықтарының бұзылуы туралы Еуропарламентке үндеу жолдады. Олар ҚР Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлеріне жаза қолдануды талап етуде.

Наразылыққа шыққандар Қарағанды, Қызылорда сияқты респуликаның түрлі-түрлі бұрыштарынан жиналған.
«Депутаттар мен премьер-министрді көруге бардық, президентке де жеттік. Өкінішке орай, олар бізді елемеді» деді наразылық білдірушілердің бірі.

Жәнібек Байтоқов, 1-топтағы көру мүмкіндігі шектеулі жан да өз наразылығымен бөлісті:
«Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін жәрдемақы өте төмен. Кейбір адамдар жәрдемақыны 400 еуроға дейін көтеруді талап етіп жатыр. Мен және менің жолдастарым ең төменгі жалақының 41%-ға ұлғаюына байланысты жәрдемақыны да көтеру керек деп ойлаймыз» деді Жәнібек Байтоқов.

«Министрлерге санкция салынсын!»
Оқиға орнында азаматтық киім киген адамдар мен Есіл ауданы полициясы бастығының орынбасары Марат Дүтбаев жүр. Ол полицияның қоғамдық тәртіпті бақылауға келгенін түсіндірді.
Бірінші топтағы мүгедек Оксана Жаркеева денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға «медициналық көмек көрсетпегені» үшін санкция салуды сұрады. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар қымбат дәрі-дәрмек сатып алуға мәжбүрміз деп шағымданды.

Оқиға орнынан хабар таратып жатқан Orda.kz журналисі Нұржан Әлтаевтан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тұрғанда неге мүгедектер мәселесімен айналыспағанын сұрады. Әлтаев еңбек саласына жетекшілік ететінін, ал әлеуметтік салаға вице-министр Светлана Жақыпова жауапты екенін түсіндірді.

– Айқын шекара бар: бір вице-министр екінші вице-министрдің жұмысына араласа алмайды. Ол тек өз бағытына жауап береді. Бірақ мен Светлана Жақыповаға мүгедектерді қолдау туралы ұсыныстарымды үнемі айтып жүрдім, бірақ олар ескерілмеді, - деді Әлтаев.
Сондай-ақ, Қазақ зағиптар қоғамының өкілдері ұйымда мемлекеттік аудит жүргізуді талап етуде. Олар қауымдастықтың басшылығының артында былық бар екеніне сенімді.
«Біздің, зағиптардың есебінен, ол мемлекеттен мемлекеттік сатып алу түрінде ақша алып, өзін байытады, бірақ қарапайым мүшелері соның салдарынан толықтай ақшаларын ала алмайды» деді жиналғандардың бірі.

Жиналғандар депутаттардың сыртқа шығуын сұрап жатыр.
«Парламент депутаттары, шығыңыздар, бізді күттіріп қоясыздар ма?»

Күзетшілер Еуропарламент өкілдерімен байланысуды сұрап, жиналғандарға нөмір берді. Бірақ оған хабарласу мүмкін емес болып шықты.
Әкімдік қызметкері «бұл шара заңсыз» екенін айтып, жиналғандарды тарауға шақырды.

Нәтижесінде науқанға қатысушылар өтінішті электронды түрде беру туралы шешім қабылдады.
«Біз жабық есікті бұзатын жабайы емеспіз. Біз бұл елдермен дипломатиялық қарым-қатынасты сақтауымыз керек», - деді қатысушылардың бірі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық