Елордада ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған жекеменшік балабақша тәрбиешілеріне шағым түсті
Скриншот
Желіде Нұр-Сұлтандағы ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған жекеменшік балабақша тәрбиеленушілеріне дөрекі қарым-қатынас жасағаны үшін шағым түсті.
Шағым мәтіні мен видео желіде жарияланды.
«Ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған «Сати» инклюзивті балабақшасы. Балаларды ұрып-соғу, балағаттау, айғайлау жиі болып тұрады. Балаларды еденге сүйреп, басынан және басқа жерлерінен ұрады, тепкілейді, балағат сөздер айтады. Басшылық бәрін біле тұра, көз жұма қарайды. Көп мәрте ескерттік, айттық, пікір қалдырдық» деп жазылған жазбада.
Видеоға қалалық білім басқармасы түсініктеме берді.
«Сати балабақшасы жекеменшік екенін ескертеміз. Білім басқармасы мемлекеттік тапсырыс бермеген. Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы тиісті органдарға хат жолдаған. Соңғы уақытқа дейін мемлекеттік органдардың жекеменшікке ықпалы болмаған. Өткен жылдан бастап мемлекеттік бақылаудың жаңа түрі – балабақшаларды мемлекеттік аттестациялау жүргізілуде. Оның нәтижелері мектепке дейінгі ұйымдар жұмысының сапасын арттыруға ықпал етеді.
Әлеуметтік желіде жарияланған эпизодтарға келсек, уәкілетті органдар тексеруге кірісті. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасы да тергеуді бастады. Тексеру қорытындысы бойынша шаралар қабылданатын болады» деді басқарма.
Полиция тергеу жүргізіп жатқанын растады.
«Аталған факті бойынша Байқоңыр аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 140-бабы «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде» деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық