Елордада бір күнде 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді
Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 114 жол-көлік оқиғасы орын алды, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Полиция департаменті жолда сақ болуды сұрайды.
«Жауын-шашын салдарынан коммуналдық қызметтер полицияның патрульдік көліктерінің көмегімен көшелерді тазарту үшін барынша арнайы техниканы пайдаланды. Өткен тәулікте елордада 114 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бір адам зардап шекті» делінген полиция мәлімдемесінде.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алуға қаланың тәртіп сақшалары да тартылуда.
— Жүргізушілерден аса сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, кенет тежегішті қатты баспауды, арақашықтықты сақтауды, сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлерінің талаптарын орындауды, жеке көліктерін жол бойында қалдырмауды және жол жүрмеуін, қар жинау техникасына кедергі келтірмеуді сұраймыз, - деді Нұр-Сұлтан қаласы Әкімшілік полиция департаменті басшысы Елжан Шөпеков.
Сонымен қатар, полиция көше бойында механикаландырылған тазалау жұмыстарына кедергі келтіретін көліктерді қою фактілері бойынша жүргізушілерге әкімшілік шара қолданылып, көліктер эвакуацияланатындығын да хабарлады.

Ауа райы жағдайын ескере отырып, полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде балалар мен қарт жаяу жүргіншілерге жолдан өту кезінде көмек көрсетеді. Жаяу жүргіншілер көліктердің толық тоқтағанына көз жеткізіп, белгіленген жерлерден ғана өтуі керек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық