Елордада баспана 100 пайызға қымбаттауы мүмкін
Сурет:pixabay.com
Бұған қаланың сәулеттік келбетін және қала құрылысын қалыптастыру ережелерінің жобасы себеп болуы мүмкін.
Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы Нұр-Сұлтанды дамытудың жаңа ережелерін сынға алды. Олар бұл ереже қабылданғаннан кейін елордадағы пәтерлердің бағасы екі есеге өсіп, 9 мыңнан астам құрылыс компаниясы банкрот болуды күтіп отыр деп есептейді.
«Сонымен қатар ол құрылыс салушылар үшін барлық дерлік құрылыс жобалары бойынша қоғамдық талқылаулар өткізу міндетін енгізеді, бұл құрылыс салушылар мен азаматтық қоғам арасындағы тікелей мүдделер қақтығысына әкеледі. Бизнестің пікірінше, қоғамдық тыңдаулар тек қала құрылысының бас жоспары бойынша өтуі керек. Қала әкімдігі бас жоспарды қалыптастырған кезде қоғамдық талқылау жауапкершілігін бизнеске жүктемей, өзінің қоғамдық талқылауы аясында бизнестің ғана емес, азаматтардың да мүддесін ескеруі қажет» деп атап өтті Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы.
Қауымдастық ережелерді қабылдаудың ықтимал салдарын төмендегідей есептеді:
• Жұмыссыздық – 64 мыңға дейін құрылысшы жұмыссыз қалады;
• Тұрғын үй тапшылығы;
• Инвесторлардың кетуі;
• Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын тоқтату.
Жаңа ережелермен олар астанада нығыздауға, нүктелі құрылыс салуға тыйым салғысы келеді. Қаланы тарихи, табиғи және жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып салу жоспарлануда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық