Елордада бала күтуші екі жасар баланы буындырып өлтірді

cover Фото: pexels

Желіде 20 маусымда Астанада бала күтуші екі жасар баланы буындырып өлтірген деген жазба таралды. Оның денесін анасы тауып алды.

Ақпаратты Астана полиция департаменті растады.

24 жастағы бойжеткен баласымен Мәскеу көшесіндегі жалдамалы пәтерде тұрған. 

Баланың денесінен тұншығу, буындыру белгілері анықталды. 38 жастағы бала күтушісі күдікті болды. 

Қазіргі таңда ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру арқылы өлтіріп алу» бойынша іс қозғалды.

Әйелдің кінәсі дәлелденсе, ол 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар