Елорда тұрғындары бейберекет құрылысты тоқтатуды талап етті
Рақымжан Қошқарбаев даңғылындағы сауда орталығының маңына жиналған 30-ға жуық наразылық білдірушілер елордадағы бейберекет құрылысты тоқтатуды талап етті.
«Highvill Astana» тұрғын үй кешенінің тұрғындары кездесуге «Заңсыз құрылысқа жол жоқ», «Көпқабатты тұрғын үй кешенін салуға жол жоқ», «Мектепті қайтар, жерді қайтар», «Балаларға мектеп салынсын» деген жазулары бар плакаттарын алып келді. Олар өз құқықтарын қалпына келтіріп, құрылыс салушы компаниядан пәтер сатып алғанда берген уәделерін орындауды талап етті.
— «Highvill Kazakhstan» құрылыс салушы компаниясы 2007 жылдан бері пәтерлерді сату кезінде тұрғындарға мектеп пен балабақша салынатынына уәде беріп келеді. Аталған нысандар үшін бас жоспар бойынша арнайы жер телімдері бекітілген. Алайда компания мектеп пен балабақшаның орнына жалпы биіктігі 71 қабат болатын көпқабатты тұрғын үй құрылысын бастамақшы. «Highvill Kazakhstan» компаниясы аталған жер телімдерін өзінің еншілес компанияларына бірнеше рет сатып, қайта сатып алып, құрылыс нысанының жоспар жобасын өзгертіп және арнайы мақсатпен алып тастаған, - дейді жиналғандар.
Олардың пайымдауынша, бас жоспарға өзгерту енгізіліп, қоғамдық тыңдауларға қатысты заңнама нормалары бұзылған. Жұрт көктем басталысымен құрылыс салушы көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстарына кіріседі деп уайымдап отыр.


Тұрғындардың депутаттық сауал арқылы анықтағанындай, құрылыс кейбір ведомстволардың, соның ішінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегі жергілікті атқарушы органдардың құрылыс жұмыстарының орындалмауына байланысты қаулының күшін жою мүмкіндігін қарастыруы керек деген қорытындыларына қарамастан жүргізілмекші.

Қазір бастамашыл топ «Menin elim dala» қоғамдық бірлестігіне бірігіп, шындықты білуге тырысуда. Олар өз сөзінде Нұр-Сұлтан қаласын жас балаға теңей отырып, пікір білдірді.
«Ол (Нұр-Сұлтан қаласы — ред.) жастайынан солақай сәулетшілердің қолынан мүгедек болып қалды. Оның төлқұжаты мен аты-жөні қайт-қайта өзгертілді. Оған күннің көзін көрсетпей, күн сәулесін бетон қоршаулармен бітеді. Оның таза ауамен тыныстап, дұрыс жетілуіне жол берілмей жатыр!» делінген хабарламада.
Қатысушылар жалпы бірнеше құрылыс нсандары туралы айтады, олардың пікірінше, қала билігі осыларды қайта қарауы керек.
Құрылысына жол ашылып, дем берілуі тиіс нысандар:
• Highvill Astana (мектеп, балабақша);
• Саябақтар тізбегі;
• Кіші Талдыкөл;
• Highville Park 1 (емхана);
• Қалалық романс;
• Триатлон саябағы;
• Бос жер («Поколение» тұрғын үй кешені);
• Кенесары көшесіндегі 8 мектеп;
• Бөкейхан көшесіндегі бос жер;
• «Sport City» тұрғын үй кешені.
Елорда тұрғындары қаланың әр жерінде құрылыс нысандарын салуға қарсы петиция жариялап, қол жинай бастады. Олар қала билігі халықтың пікіріне құлақ асуы керек деп есептейді.
Жаңалықтар
- Есіл өзенінде 20 жастағы жігіт қаза тапты: Денесі әлі іздестіріліп жатыр
- Future Games: Қазақстан намысын жалғыз команда қорғайтын болды
- УЕФА мен оған мүше 55 ел ФИФА жарыстары мен Әлем чемпионатына бойкот жариялады
- Зорланғанын айтқан қыздың арызын елемеген полицейлерге сот үкімі шықты
- Bazis-A негізін қалаған Александр Беловичтің ісі бойынша Татьяна Белова түрмеге тоғытылды
- Тоқаев бірқатар судьяларды орнынан босатты
- Тоқаев Ыстықкөлдегі Орталық Азия елдері мен Әзербайжан жетекшілерінің бейресми кездесуіне қатысады
- АҚШ-та Трамптың портреті бейнеленген паспорттар беріле бастады
- Испания шекарасын бұзған мыңдаған мигрант Еуропаны дүрліктірді
- Трамп ХАМАС-тың толық қарусыздану жөніндегі «тарихи» келісім жасалғанын мәлімдеді
- Елімізде 450 мың оқушыға 23 миллиард теңге қаржылай көмек қарастырылған
- Қытайдың «мұнай жұмбағы»: Тағы да жұмсақ күш танытпақшы ма?
- Армения үкіметі отставкаға кетеді, билік қайтадан Пашинянның қолында қала ма?
- ҰҚК Оңтүстік Кореяның 14 азаматын қолға түсірді
- КҚК теңіз терминалына дрондар шабуыл жасады: Мұнай тиеу уақытша тоқтатылды
- LRT тамыздан бастап жаңа тарифке көшеді
- Павлодарда пациенттерді ұрып-соғу туралы ақпараттан кейін психикалық денсаулық орталығында тексеріс басталды
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне қатысты апелляциялық шағым түсірді
- Таразда көңілдесі қызғаныштан әйелді тұншықтырып өлтірді
- Балқаш жағасында көлікпен қауіпті әрекет жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды