Елорда қалың түтінге оранды

cover

Нұр-Сұлтанды түтін басып, 5 метеостанцияда ауаның ластануы тіркелді. Анықталған көрсеткіштер нормадан едәуір асқан.

Елорданың шағын аудандарында таңғы 10-да ауаның ластану қауіпі белгілі болды. Сол жағалаудың тұрғындары күйік иісін сезген.

Қазгидромет мәліметіне сүйенсек, 10 бақылау станциясы қаланың атмосфералық ауа қабатын зерттейді. Сонымен қатар, дауылды ескерту бірнеше аймақта жарияланды.

Болжам бойынша, Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстауда қатты тұман болады.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар