Елизавета II халық алдында келесі тақ иесінің атын атады
Ұлыбритания патшайымы Елизавета II таққа отырғанына 70 жыл толуы қарсаңында үндеу жасады.
Онда қолдау көрсеткені үшін жұртшылық пен өз отбасына алғысын білдіріп, «платина мерейтойын» атап өтуді асыға күтетінін айтты. Хат мәтіні Букингем сарайындағы Twitter-де қолжетімді.
Елизавета II жолдауында 21-ші туған күнінде Достастық халқына арнаған: «Баршаңызға мәлімдеймін, менің бүкіл өмірім ұзақ немесе қысқа болғанына қарамастан, Сіздерге қызмет етуге арналады» деген сөзін еске алды.
«Мен келе жатқан платина мерейтойын тойлауды үмітпен және оптимизммен күте отырып, қаншалықты ризашылық білдіре алатынымызды еске аламын. Өткен жеті онжылдықта бәрімізге пайда әкелген ерекше әлеуметтік, технологиялық және мәдени прогреске куә болдым. Болашақ бізге, әсіресе Ұлыбританиядағы және бүкіл Достастықтағы жастарға осындай мүмкіндіктер беретініне сенімдімін» деді Елизавета II.
Патшайым болашақ тақ иесінің де атын атай кетті.
«Сіздердің маған көрсетіп жатқан адалдықтарыңыз бен сүйіспеншіліктеріңізге мәңгілік ризамын және қарыздармын. Сіздер таққа отырғанда, менің ұлым Чарльз бен оның әйелі Камиллаға да дәл солай қуат беретіндеріңізді білемін. Ол маған да көрсеткен қолдау» деді патшайым.
Патшайым Елизавета II жексенбіде өзінің 70 жылдық платина мерейтойын атап өтеді.
Ханшайым Елизавета 1952 жылы 6 ақпанда әкесі король Джордж VI қайтыс болған күні патшайым атанды. 2022 жылы 96 жасқа толатын Елизавета II өзінің платина мерейтойын тойлаған алғашқы британдық монарх болмақ.
Ұлыбританиядағы ақпан айындағы ауа-райының қолайсыздығана байланысты мерекелер жазға ауыстырылады. Мерейтойды мерекелеу аясында ел бойынша жыл бойына түрлі іс-шаралар өткізіліп, 2-5 маусым аралығында ұзартылған мерекелік демалыс күндері аяқталады. Демалыс күндері Ұлыбританиямен қоса Достастық елдерінде мерекелік шаралар өтеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық