Елімізге Ресейден шошқа мен оның өнімдерін кіргізуге тыйым салынды
Ресей шошқаларынан африкалық оба табылды. Сол себептен елімізде сақтық шаралары күшейтіліп, Ресейден шошқа мен оның өнімдерін кіргізуге тыйым салынды.
СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, Ресейде бүгінгі таңда шошқадан африкалық оба шығып, малдар жаппай қырылған. Ауылшаруашылық министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті шошқа мен жабайы қабандарды, олардың етін, өнімдері мен жемазығына дейін шекарадан кіргізуге тыйым салды.
«Автокөліктерді өткізу ветеринарлық-санитарлық бекеттерінде ел аумағына өтетін барлық тауарлар мен автокөліктер тексеріледі. Омбы облысында шошқаның африкалық обасы пайда болған елді мекенде 24 желтоқсанға дейін карантин енгізілді. Жағдайды қадағалап отырмыз. Шектеу шаралары эпизоотиялық жағдай түзелгенше дейін алынбайды», - дейді СҚО ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов.
Мамандардың айтуынша, шошқа обасы адамға жұқпайды. Бірақ, ауруды жұқтырған мал емделмейді. Оны өлтіруден басқа амал жоқ. Вакцина әлі табылмаған. Ауру белгілері 2-9 күн ішінде пайда болып, ауырған мал бірнеше сағаттан кейін өледі екен. Обаны жұқтырған шошқаның қызуы көтеріліп, жем жеуден қалады, терісі көгеріп, өкпесі қабынады.
Бүгінде СҚО-да 235 мың шошқа бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық