Еліміздің туроператорлары шетелдіктер есебінен жағдайын жақсартпақшы ма?
Orda.Kz редакциясына туристік агенттіктер хабарласып, қазақстандық «Sanat Tour» туроператорының әрекетін заңсыз деп ойлайтындарын жеткізді.
Ресей президенті Владимир Путин жариялаған жұмылдыру ресейліктердің Қазақстанға жаппай қашуына себеп болды. Еліміз шетелге әуе билеттерін жапатармағай сатып алып жатқан ресейліктер үшін транзиттік мемлекетке айналды. Дегенмен, барлық туроператорлар көршілердің қамын күйттей бермейді, мысалы, «Sanat Tour» компаниясы билеттерінің құнын көтерген.
— Біздің ойымызша, компания осы сәтті пайдаланып, қосымша табыс таппақшы. Одан біз шегетін зиян мынада: олар барлық турагенттерге, соның ішінде олармен чартерлік рейстерге тапсырыс берген бізге де бұған дейін расталған брондау бағасын көтеріп жіберді. Бүгін бізге жазда сатып алынған билеттер бағасының 200 еуроға көтерілгенін хабарлады. Бізге не қосымша ақы төлеңіз, немесе билеттер жойылады деген шарт қойды. Бізде 12, 13, 15 және 16 қазан күндері Алматы-Анталия және Астана-Анталия бағытында 31 жолаушы бар, - дейді Алматыдағы туристік фирмалардың бірінің иесі Мәдина Ғабидоллақызы.
Кейбір бағыттарға әуе билеттері құнының өзгеруіне байланысты «Sanat Tour» туроператоры агенттерге әр билет үшін 300 еуроға дейін қосымша ақы төлеу қажет екенін хабарлады. Туристік агенттіктің қосымша төлемі туралы шешім 30 қыркүйек күні сағат 18.00-ге дейін қабылдануы керек еді. Дегенмен екінші нұсқа бойынша өтініштерді айыппұлсыз жойып, одан кейін бастапқы төленген бағаны 100% қайтаруға болады.
Orda.kz журналисі Қазақстан туристік қауымдастығы (ҚТА) басшылығына хабарласты.
Алайда ондағы басшылық тілшіге тікелей «Sanat Tour» -мен байланысуды ұсынып, жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты.
— Бұл туристер мен Қазақстан азаматтары туралы емес. Сондықтан жеке кәсіпкердің әрекетіне қатысты пікір білдіруге құқымыз жоқ, сондықтан сенімді ақпарат алу үшін осы компанияға хабарласқаныңыз жөн, – деді ҚТА директоры Рашида Шәйкенова.
Жағдайға түсініктеме беруден бас тарту «Sanat Tour» компаниясының басшысы Марат Бейсенбаевтың Қазақстан туристік қауымдастығының мүшесі және ҚТА басқарма мүшесі болуына байланысты ма, өкінішке қарай, ол жағын біз біле алмаймыз.

Orda.kz редакциясы осы жағдайларды анықтау мақсатында «Sanat Tour» туроператорына ресми сауал жолдады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық