Еліміздің бірнеше өңірінде зейнет жасын төмендетуге арналған митинг өткізілді
Елімізде зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендетуге арналған митингілер өтіп жатыр.
Қала көшелеріне жиналған әйелдер зейнет жасын төмендетуді, әйелдерге немерелерін бағуға мүмкіндік беруді, жұмыс деп жүріп денсаулықтарынан айырмауды талап етті.
Бүгін Қостанай, Шымкент, Алматы және еліміздің басқа да бірқатар қалаларының белсенділері рұқсат етілген митингіге шықты. Алматыдағы аналар «Тұран» университетінің акт залына жиналды. Онда олар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай әйелдерге «рақымшылық» жариялауды және бұрынғы, яғни 58 жастағы зейнет жасын қайтаруды талап етуде.

Қозғалыстың ұйымдастырушысы Сәуле Қуанышпаева Orda.kz тілшісіне митинг Махатма Ганди саябағында жоспарланғанын айтты. Ұйымдастырушылар оған әрі кетсе 50-ден астам адам келеді деп ойлаған. Бірақ оған 100-ден астам адам келді. Ұйымдастырушының айтуынша, сол себепті әкімдік қауіпсіздік жағдайын ойлап, жиынды университет ғимаратына көшіруді ұсынған.
Митингке шыққан аналардың бұл шараға мұқият дайындалғандығы көрініп тұр. Белсенділер ұлттық камзол киіп, бастарына ақ орамал тағып алған.

Митингтің ашылуы осы қозғалыс үшін арнайы жазылған әнұранмен басталды:
«Министр, депутаттар, Сіздерге қалай үнімізді жеткіземіз,
Зейнет жасына дейінгі өмірімізді жұмыссыз қалай өткіземіз?!
Сіздерді де жарық дүниеге әкелген аналарың бар,
Зейнет жасын қайта есептеп, аналарды ренжітпеңіз».
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық