Еліміздің үш облысында су тасқынының алдын алу мақсатындағы жарылыс жұмыстары жүріп жатыр
Фото: ҚР ТЖМ
Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарында еріген сулардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету және су тасқынының алдын алу үшін өзендер мен су қоймаларында мұз кептелістерін жою бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтей отырып Orda.kz.
«Іс-шаралар көктемгі су тасқынының алдын алуға бағытталған. Мамандар еріген судың еркін өтуін қамтамасыз ету және елді мекендер мен аумақтарды қызыл су басу қаупін азайту үшін кептелу қаупі бар су аумақтардағы мұзды жарып жатыр» деп жазылған хабарламада.
Ақмола облысында Есіл, Атбасар, Аршалы және Бұланды аудандарының аумақтарын қамтитын Есіл, Қызылсу, Қайрақты, Бақсөк, Жолболды, Жабай және Жыланды өзендерінде жарылыс жұмыстары жүргізілуде. Жарылыс кезінде жергілікті тұрғындардан сабыр сақтау сұралды.
Қарағанды облысында су тасқынына белсенді дайындық жұмыстары жүргізіліп: 1,9 миллион тоннадан астам қар шығарылды, 30 шақырымға жуық су ағатын арықтар қазылды, 60 шақырымнан астам арықтар мен каналдар тазартылды.
1944 су өткізгіш құбырлар мен 359 көпір тазартылды. 6-15 наурыз аралығында Бұқар жырау және Нұра аудандарындағы Нұра, Өткелсіз және Жаманкөн өзендерінде 2890 шаршы метр аумақта жару жұмыстары жүргізілді.
Қостанай облысында Қамысты ауданы Пушкин ауылындағы Тобыл өзенінде жарылыс жұмыстары жүргізіліп, 5,5 мың текше метр мұз ағызылды. Сарыкөл ауданы Вишневка ауылындағы Бозшакөл мен Сарыкөл көлдерінде 1 мың текше метр мұз жарылды. Бүгінде Қарасу, Қарабалық және Алтынсары аудандарында жұмыс жалғасуда. Облыстың 20 ауданда 55 жарылыс жоспарланып отыр.
«Жарылыс жұмыстарының негізгі мақсаты судың күрт көтерілуіне және елді мекендерді қызыл су басуына әкелетін кептеліс пен мұздың жиналуын болдырмау. Бұл әдіс судың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етіп, су басу қаупін азайта отырып, тығыз мұз жамылғысын жоюға мүмкіндік береді. Барлық жұмыстар қауіпсіздік талаптары қатаң сақтала отырып, мамандардың бақылауымен жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті мамандар.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды абай болуға және жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақтардағы су айдындарына жақындамауға шақырады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық