Еліміздің конькиші қыздары Олимпиада-2026 ойындарында үздік ондыққа енді
Фото: ҰОК
Қазақстандық конькишілер Надежда Морозова мен Елизавета Голубева Қысқы Олимпиада ойындары – 2026 аясында үздік он спортшы қатарына кірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, әйелдер арасында 3000 метр қашықтыққа конькимен жүгіру жарыстары Италияда Олимпиада бағдарламасы шеңберінде өтті. Бұл спорт түрінен Қазақстан атынан екі спортшы қатысып, екеуі де жоғары нәтиже көрсетіп, үздік ондыққа кірді.
Надежда Морозова мәреге алтыншы болып жетіп, 4 минут 01,200 секунд нәтижесін көрсетті. Ал Елизавета Голубева 4 минут 03,300 секунд уақытпен оныншы орынды иеленді.
Олимпиадалық алтын жүлдені жаңа Олимпиада рекордымен италиялық Франческа Лолобриджида жеңіп алды — 3 минут 54,280 секунд. Күміс медаль норвегиялық Рагне Виклундқа бұйырды (3:56.540), ал қола жүлдені канадалық Валери Мальте иеленді (3:56.930).
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Қытайда өткен жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын.
Оқи отырыңыз:
- Италияда Қысқы Олимпиада-2026 ойындарының ашылу салтанаты өтті
- Dubai SWAT Challenge: Қазақстан атынан 5 құрама команда бақ сынайды
- Бұрынғы ректор ҚазҰПУ ғимаратын жалға беріп табыс тапқан – прокуратура нысанды қайтарды
Жаңалықтар
- Павлодарда жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған ана ұсталды
- Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы әлі табылмады: Жұбайы «Бармысың, бауырымға» жүгінді
- Президент ШҚО әкіміне инвестиция тартып, өңірдегі туризмді дамытуды тапсырды
- Қазақстандықтардың жартысы 340 мың теңгеден аз жалақы алады
- Француздардың контейнер кемесі соғыс басталғалы алғаш рет Ормуз бұғазынан сәтті өтті
- Сақал – сән емес, салмақ: Қазақтағы сақал-мұрт қоюдың мәні мен міндеті
- «Кеген–Нарынқол» трассасында жолды су шайып кетті
- 240 мыңнан астам мұғалім ЖИ қолданып үйренді: Тоқаев Сүлейменоваға міндет жүктеді
- Ақтөбе облысында жұртты қорқытып, бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды
- Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды
- Никаб киюге шектеу: Заң қалай жұмыс істеп жатыр?
- Президент өкімімен әскери қолбасшылар тағайындалды
- Алматыда жасөспірімдерге тиісіп, көшені шулатқан тәжік балалары ұсталды
- Мәскеу — Челябі бағытымен жүретін пойыздың жеті вагоны рельстен шығып кетті
- Иран АҚШ-тың нысанаға алынуы мүмкін кемелерінің тізімін жасады
- 200 млн-ға жуық заңсыз табыс: Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырған бір топ адамға үкім шықты
- Жамбыл облысында сарбаздың қазасына қатысты командирді тергеу аяқталды
- Трамп Макронның әйелімен қарым-қатынасы туралы әзілдеймін деп сынның астында қалды
- Ғашықтар туралы қазақстандық үздік 5 фильм
- «Менде оны үлгі тұттым»: Дмитрий Бивол Головкинмен кездесуі туралы айтып берді