Еліміздің энергетика саласындағы инвестициялық жобалар кебейеді
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңес отырысында энергетика саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру барысы қаралды, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Қазақстанда инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулы аясында қазіргі уақытта 61 ірі жобаны жүзеге асыру қарастырылған. Оның ішінде жаңартылатын энергия көздері нысандарын, жылу электр станцияларын салу, газ және су электр станцияларын іске қосу бар.
2023 жылға арналған көрсеткіштер инвестиция тарту бойынша жақсы жолға қойылған жұмыстарды көрсететіні атап өтілді. Мемлекеттік органдарға инвесторлармен өзара іс-қимылды күшейтіп, жобаларды мерзімінде пайдалануға беруді қамтамасыз ету тапсырылды.
Өңірлерге инвестиция тарту мәселелері де көтерілді. Мәселен, 2023 жылы Жетісуда жалпы құны 52,8 млрд теңге болатын жоспардағы 47 инвестициялық жобаның барлығы іске қосылып, соның арқасында облыста 1200-ден астам жұмыс орны ашылды.
Оның ішінде ұлттық пул аясында жүзеге асырылған 10 ірі жоба бар. Сонымен бірге қуаттылығы 50 мегаватт жел электр станциясы, өнеркәсіптік аккумуляторлар шығаратын зауыт, мультимодальды көлік-логистикалық орталық және т.б. ашылған.
Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысты мәселелер Инвестициялық штаб отырыстарында тұрақты негізде талқыланатын болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық