Еліміздің барлық өңірінде су тасқыны қаупі сейілді ме?
Фото: Ашық дереккөзден
ҚР ТЖМ қазіргі уақытта еліміздің басым бөлігінде су тасқынының белсенді кезеңі барынша бәсеңдеп, ахуал тұрақтанып, әрі қарай бақылау жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
2026 жылғы 1 наурыздан бастап мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, ТЖМ су тасқынына қарсы жедел штабы жұмыс істейді. Барлық өңірлерде азаматтық қорғау қызметтері мен мүдделі ведомстволардың іс-қимылдарын үйлестіретін облыстық жедел су тасқынына қарсы штабтар жұмыс істеп жатыр.
Қазіргі уақытта елдің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі барынша азайтылды. Қазір су тасқыны шыңы Ақмола облысының аумағында өтіп жатыр. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары да бақылауда. Гидрологиялық жағдайдың тәулік бойы мониторингі және іс-қимылдарды үйлестіру қамтамасыз етіледі. Су тасқынына қарсы іс-шаралары жалғасуда және бақылауда.
Құзырлы орган хабарлағандай, су тасқыны жағдайының күрделенуіне жол бермеу мақсатында алдын алу және жедел шаралар кешені іске асырылуда. Жергілікті атқарушы органдар мен басқа да қызмет күштерімен 9 млн астам текше метр қар шығарылған. 1,3 млн астам текше метр еріген су сорылып, 79 мыңнан астам қап және 103 мың тонна инертті материал төселген, 1,9 млн астам метр арықтар мен каналдар тазартылды, 5 мыңнан астам уақытша бөгет пен үйінді тұрғызылды.
Жағдайды бағалау үшін тұрақты мониторинг жүргізілуде. Барлығы 43 әуеден барлау жүргізіліп, 305 су тасқыны қаупі бар елді мекен тексерілді. Аэровизуалды бақылау жұмыстары жалғасуда.
Сонымен қатар ТЖМ әскери бөлімдерінің әскери қызметтері су тасқынына қарсы жұмыстарға Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны қаупі бар учаскелерде шоғырланған. Барлығы су тасқынына қарсы жұмыстарға 700 адам, 227 бірлік техника, 40 мотопомпа және 5 жүзу құралы (ТЖМ, ЖАО, ІІМ және басқа ұйымдар) тартылды.
Тоғыз өңірде 220 учаскеде жалпы ауданы 626 мыңнан астам шаршы метр аумақта мұз жару жұмыстары жүргізілді, 29 мыңнан астам метр мұз кесілді және 41 мың ойық бұрғыланды. Қостанай, Павлодар, Ақмола облыстарында 11 судың тасуы мен Ақмола облысындағы 4 су шаю бақылауда.
Ақмола облысында елді мекендерді су басудың алдын алу мақсатында превентивті шаралар қабылданды. 5 сәуірде Қорғалжын ауданы Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан «Шөптікөл» бөгетінде ішінара бұзылу тіркелді. Қазіргі уақытта бөгет қалпына келтірілді, елді мекендерге қауіп жоқ.
Сондай-ақ Астрахан ауданындағы Ескі Қалқұтан ауылына кіреберісте қардың қарқынды еруі мен Қалқұтан өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты су тасуының алдын алу мақсатында автожол жамылғысы алдын ала бұзылды. Жүргізілген шаралардың нәтижесінде Ескі Қалқұтан ауылымен көлік қатынасы уақытша тоқтатылды. Елді мекенге қауіп жоқ. Кезекшілік ұйымдастырылды. Халық дәрі-дәрмек, азық-түлік және жанар-жағармай қорымен қамтамасыз етілген.
ТЖМ әскери қызметшілері Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шараларды аяқтады. Алтай ауданында алдын алу мақсатындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға тартылған ТЖМ 68303 әскери бөлімінің екінші құтқару батальонының жеке құрамы Өскемен қаласындағы тұрақты орналасу орнына оралды. 12 наурыздан бастап жеке құрам Алтай ауданының елді мекендерінде, Тұрғысын, Чапаево, Малеевск, Соловьево, Маяк ауылдарында, Зубовск кентінде және Алтай қаласында су тасқынының алдын алу бойынша міндетті орындады.
Батальон күшімен барлығы 4905 метр арық қар мен мұздан тазартылды, 6 көпір, 2 канал, 27 су өткізу құрылысы тазартылды, 1220 дана қап инертті материалмен толтырылды. Зубовск кентіндегі Бұқтырма өзенінің бөгені инертті материал толтырылған қаптармен нығайтылды. Сондай-ақ су басу қаупі бар елді мекендердің тұрғындарымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайына тұрақты мониторинг жүргізілуде. Облысқа келген ТЖМ 28237 әскери бөлімінің топтамасы Петропавл қаласында, Заречный кентінде және Қызылжар ауданының Бескөл ауылында жұмылдырылған. Аталған бөлімше күшімен Қызылжар ауданында және Петропавл қаласы маңында қорғаныш бөгендерін нығайту үшін 28 мың қап дайындалып, 10 мың қап төселді. Сонымен қатар Есіл өзенінің тасқын сулары бөгендерді шайып кетпеуі үшін 2 мың метр полиэтилен төсемі төселді. Су тасқыны жағдайын мониторингтеу аясында Есіл өзені бассейндеріне, Үлкен Торанғұл, Кіші Торанғұл көлдеріне, Шағалалы және Сілеті су қоймаларына, сондай-ақ Ақжар, Тайынша аудандары мен Ғ. Мүсірепов атындағы ауданындағы қар қоры әуеден визуалды тексеру жүргізілді. Жағдай тұрақты бақылауда.
Қостанай облысында су тасқыны кезеңі басталғалы бері су басу фактілері тіркелген жоқ. Су деңгейі қауіпті межеден аспайды. 7 сәуірдегі жағдай бойынша облыстағы ахуал тұрақты.
Абай облысында су тасқыны кезеңінің белсенді фазасы аяқталды, өңірдегі жағдай тұрақты болып қалып отыр. Қар жамылғысы шамамен 8%-ды құрайды және тек таулы аймақтарда ғана байқалады. Өзендердегі гидрологиялық жағдай тұрақты, өзендер мұздан ашылып, су нысандары штаттық режимде жұмыс істеуде.
Қарағанды облысында су тасқыны жағдайы тұрақты болып қала береді, өңірде су тасқыны кезеңінің белсенді фазасы аяқталды.
Еске салсақ, наурыз айының басында елімізде су тасқыны қаупі жоғары 1242 елді мекен анықталып, қазіргі таңда бес өңірде тасқын қаупі күшейіп отырғанын жазғанбыз.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Омбыдағы гүлзар алаңына Кемел Тоқаевтың есімін беру ұсынылды
- Өзбекстанда әліпби өзгереді: 26 әріптің орнына 28 әріп болады
- Ақтаудағы кафелердің бірінде атыс болып, ер адамның бетіне оқ тиді
- Алматы мен Астанада аптап ыстық күшейеді: Ауа температурасы +38 градусқа дейін жетеді
- Студент қос аяғынан айырылды: Арыс әкімінің ұлы неге күдікке ілінді?
- Қытайдағы алапат тасқын: Қырыққа жуық адам қаза тауып, іздестіру жұмыстары жүріп жатыр
- Мас болып екі көлікпен соқтығысқан Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалды
- Қазақстанда тағы үш жол учаскесі ақылы болады
- Қайын жұртын жалмаған: Прокурор Сұлтан Сәрсемалиевке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Қазақстан 2026–2027 жылдары бірден жеті әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды
- Алматы облысында 2025 жылы жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды
- Атыраудағы түгелдей бір отбасының ажалы: Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
- Данияр Елеусінов Астанада екі жол апатына қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- Түркістан полициясы журналистің ұрланған көлігін бірнеше сағат ішінде тауып берді
- АҚШ Иранға жаңа соққы жасады, Тегеран америкалық базаларға шабуылмен қарымта берді
- Чемпиондар лигасы: «Қайрат» өз алаңында «Сутьесканы» 2:1 есебімен жеңді
- Ескі асфальтқа төгілген тас: Тарбағатай–Аягөз тасжолы сынға ұшырады
- Зейнет жинағы бойынша ең бай болашақ зейнеткерлер белгілі болды
- Сайлауда жалған ақпарат таратқандар жазаланады
- Тасмағамбетовпен бірге қызмет еткен бұрынғы шенеунік халықаралық іздеуге жарияланды