Еліміздің барлық өңірінде Наурызнама онкүндігін түйіндейтін – Тазарту күні өтіп жатыр
Фотолар: Алматы әкімдігі
Бүгін Наурызнама онкүндігі аясында – Тазарту күні өтеді. Бұл қазақтың Наурыз мерекесінде жыл сайын атқарылатын қазақтың дәстүрі, деп хабарлайды Orda.kz.
Ежелден Наурыз мейрамы тазалықпен, жаңарумен, табиғатпен үндеседі. Ғасырлар бойы қайталанып келе жатқан бұл дәстүрді ата-бабамыз ағаш отырғызып, қоныс аударып, жаңа таза орынға көшуден бастаған.
Бүгінгі күні де жақсы дәстүр жалғасын тауып, бұлақтарды, арықтарды, үй-жай мен қоғамдық орындарды тазарту арқылы экологияға саналы көзқарас ұлттық мәдениеттің бір бөлігіне айналған.

Бұл адамзаттың табиғат алдындағы жауапкершілігін сезінетін, экологиялық қағидаларды сақтайтын, қоршаған ортаны жақсартуға атсалысып, осы мәдениетті ұрпаққа аманат ету үшін атқарылатын қазақтың қанына сіңісті болып кеткен үрдіс.
Ата-бабамыз ежелден табиғат мен экологияға аса ыждаһаттылықпен қарап, көктем шығысымен айналасын тазалап, ескіні тастап, жаңартып отырған.

Соңғы кезде бұны науқанға айналдырып, акция өткізіп, әртүрлі шара ретінде қарау белең алғаны рас.
Жалпы көктем жаршысы Наурыздың келуі – табиғаттың жаңаруы мен тазаруын білдіреді, жаңа жетістіктер мен нәтижелер негізін қалайды.
Дәл осы себептен бүгін республиканың көптеген өңірлерінде экологиялық акциялар өтіп: аумақты жинау және ағаш отырғызу жұмыстары қолға алынады.

2025 жылы 23 наурызда «Таза Қазақстан» және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» аясында Тазару күніне орай «Almaty Clean&Green» жалпықалалық акция өтті.
«Сенбілік барысында қоғамдық кеңістіктер, саябақтар, скверлер мен аулалар тазартылып, көгалдандырылады. Негізгі іс-шара – жаппай ағаш отырғызу. Алматы әкімдігі қатысушыларды көшеттермен, тазалау және ағаш отырғызатын құралдармен қамтамасыз етеді. Жиналған қоқыс қайта өңдеуге жіберіледі» деп жазылған әкімдік таратқан хабарламада.
Акция сағат 9:00-де басталып, қала бойынша бірнеше жерде өтеді. Тұрғындар үшін Абай-Байтұрсынов көшелерінің қиылысынан сенбілік өтетін негізгі орындарға дейін арнайы автобус қатынайды.
Бағдарламада шағын концерт, экология бойынша шеберлік дәрістер, викторина және арқан тартыс пен тоғызқұмалақ ұлттық ойындары бар.

Сенбілікке қатысушыларға қауіпсіздік техникасы мен ағаш отырғызу ережесі бойынша арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Астанада да 23 наурыз күні «Тазару» жалпыұлттық экологиялық акциясы өтуде. Елорда тұрғындары үй жанындағы алаңдарды қар мен қоқыстан тазартады. Астана театрларының ұжымдары жеке экологиялық акция өткізеді.
Шараның басты мақсаты жаппай ағаш отырғызу. Оған қатысқысы келетіндердің барлығын әкімдік көшеттермен және қажетті құралдармен қамтамасыз етеді.
Бағдарламаны шағын концерттер, экология бойынша шеберлік сыныптары, викториналар мен арқан-тартыс пен тоғызқұмалақ ұлттық ойындарына ұштасады.

Наурызнаманың мерекелік онкүндігі 14 наурызда Амал мерекесімен басталып, бүгін 23 күні Тазару күнімен аяқталады.
Жаңалықтар
- Алматыда елдегі алғашқы крематорий іске қосылды
- «Құман екеуіміз өмір бойы халық үшін еңбек еттік. Бізде кәсіп болмады»: Меруерт Өтекешева Баян Алагөзованың ұсынысына пікір білдірді
- Қаңғыбас иттер туралы даулы заң мәжіліске қайтарыла ма?
- Алматыда Zeekr көлігімен болған жол апатын тергеу екі аптада аяқталады
- Көлік сатамын деп алдаған: Алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды
- Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиевке екі бап бойынша айып тағылды
- Парижге жаяу барған 76 жастағы қария «Құрметті спорт қызметкері» атағын алды
- Алматыда 81 жастағы зейнеткерді ұрлаған күдіктілер ұсталды
- Путин Жеңіс күні қарсаңында Украинамен уақытша бітімге келуі мүмкін
- Қазақстандықтардың қарызы 25 триллион теңгеден асты
- Қоғам қайраткері әрі дәрігер Бақыт Түменова қайтыс болды
- Қазақстан азаматы Берлин қаласында Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды — Euronews
- Алматыда самокатшыларға қойылатын талаптар күшейтілді: Полиция қандай шешім қабылдады?
- Депутаттар заң жобасын таныстырды: Мұғалімнің оқушылар үшін жауапкершілігі азайды
- Ақтөбе облысында дрон құлап, құрғақ шөп өртке оранды
- Дәрігерлер өңешінде ине тұрып қалған сәбиге дер кезінде жәрдем берді
- Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық қаза тапты
- Тоқаев Андрей Бабиштің чех кәсіпкерлері делегациясын әкелгеніне ризашылық білдірді
- Тәшиевке төңкеріс әрекеті бойынша айып тағылды ма? Адвокат өз сөзінен бас тартты
- Заңсыз кіріс өндірілді: Ойын бизнесін ұйымдастырған шымкенттік 4 жылға сотталды