Еліміздің сот жүйесіне жасанды интеллект енгізіледі
Кеше Президент төрағалығымен өткен сот жүйесін жаңғырту жөніндегі кеңесте біраз мәселе қаралды. Мемлекет басшысы саладағы олқы тұстарды атап, тиісті тапсырмалар берді.
Соның бірі - еліміздің сот жүйесіне жасанды интеллект енгізу туралы. Бұл бастама саладағы ашықтықты қамтамасыз етіп, сыбайлас-жемқорлықты азайтуы тиіс. Жаңа реформаны бүгін Президентке жаңа реформаны Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов таныстырды.
Оның айтуынша, жасанды интеллект кез келген істің ықтимал нәтижесін болжап, қандай шешім қабылдануы қажет екенін анықтап береді. Бұл судьялардың ісіне бір жағынан демеу, екінші жағынан тек әділетті шешім шығаруға сеп болады.
Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесіне жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланған жөн деді. Алайда бұл қадамға жан-жақты талдап қана бару қажеттігін айтты.
Тағы бір жаңашылдық, енді елде кез келген соттың құзыреттілігі аумақпен шектелмейді. Яғни, белгілі бір судья қарап жатқан іс көп болса, онда ол өзге аймақтағы әріптесімен жүктемені бөлісе алады. Бұған IT-бағдарлама көмектеседі.
Жақып Асановтың айтуынша, бұл – жемқорлыққа жол бермейтін құрал. Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларға барлық реформаның негізі адам игілігіне бағытталуы тиіс екенін ескертті. Сондықтан сот шешімдері бәріне түсінікті болуға тиіс. Мұның барлығы биылғы 1 шілдеден бастап енгізілетін әкімшілік әділет жүйесінің діңгегі болуы керек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық