Еліміздің үш қаласынды «Ashyq» мобильді қосымшасы іске қосылады
ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов «Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында кәсіпкерлік объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу бойынша пилотты жүргізу туралы» №7 қаулыға қол қойды.
«Ashyq» пилоттық жобасы төмендегі кәсіпкерлік субъектілерде:
1) фитнес-клубтар;
2) спа-орталықтар;
3) сауналар,бассейндер;
4) компьютерлік клубтар (18 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда);
5) боулинг клубтарда іске асырылады.
Қаулыға сәйкес, пилотқа қатысатын кәсіпкерлік нысандарда әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеудің мынадай өлшемшарттары қолданылады: коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлерде (қызыл аймақ) коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың орташа деңгейі (сары аймақ) үшін әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары қолданылады;
– коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлерде (қызыл аймақ) коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың орташа деңгейі (сары аймақ) үшін әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары қолданылады;
– коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық деңгейі орташа өңірлерде (сары аймақ), коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық деңгейі төмен (жасыл аймақ) әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары қолданылады.
Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында пилотқа қатысатын кәсіпкерлік субъектілері:
пилотқа қатысатын кәсіпкерлік объектілерге келушілерді кіргізу олар үй-жайға кіреберісте немесе шығаберісте көрсетуі үшін келушінің мәртебесін айқындауға арналған арнайы QR-кодты сканерлеген жағдайда жүзеге асырылады:
- «жасыл» мәртебе – келуші деректер базасында COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен ретінде көрсетілген;
- «көк» мәртебесі – ПТР тестілеу нәтижелері жоқ, COVID-19 науқаспен байланыста болған ретінде есептелмейді;
- «сары» мәртебе – деректер базасында COVID-19 науқаспен байланыста болған ретінде көрсетілген;
- «қызыл» мәртебе – базада COVID-19-қа оң нәтижемен тіркелген.
Келушіде смартфон болмаған жағдайда кәсіпкерлік нысан қызметкері келушінің келісімімен ақпараттық жүйеде оның мәртебесін тексереді.
Осылайша, мәртебесіне сәйкес оқшаулауға жататын келушілердің пилотқа қатысатын кәсіпкерлік объектілерге кіруіне жол берілмейді.
Ал «қызыл» мәртебесіне сәйкес оқшаулауға жататын келушілер анықталған кезде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерін хабар беру керек.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық