Елімізден шетелге 600 тонна қорғасын шығармақ болғандар ұсталды
Фото: ІІМ
Жетісу облысында стратегиялық маңызы бар металды шетелге заңсыз шығармақ болған қылмыстық топ әшкереленді. Полиция мен прокуратура бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында заңсыз жұмыс істеген кәсіпорыннан 600 тоннадан астам қорғасын мен 100 тонна алюминий тәркіленді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл кәсіпорындардың осы қызметті жүргізуге ешбір рұқсат құжаты болмағаны белгілі болды.
Кәсіпорын аумағына жүргізілген тінту барысында 600 тоннадан астам қорғасын құймалары мен 100 тоннаға жуық алюминий бұйымдары, сондай-ақ, экспортқа шығарылуға дайындалған түсті металл қалдықтары тәркіленді.
Сонымен қатар, металл құрамын алдын ала анықтауға арналған жасырын зертхана мен заңсыз жұмыс істеген балқыту цехы анықталды.
«Нысанда шетелден келген, заңсыз жұмыс істеп жүрген мигранттар да ұсталып, заңнамаға сәйкес жауапқа тартылды. Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп мәлімдеді ішкі істер министрлігі.
Еске сала кетсек, Қызылорда облысында есірткі тасымалдаған парақор прокурорлар ұсталған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық