Еліміздегі су тасқыны жағдайы: 36 мыңнан астам адам үйлеріне оралды
Фото: ҚР ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздегі су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріптің мәлімдеуінше, азаматтық қорғау қызметтері Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқынының зардаптарын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталып келеді. Су басқан саяжайларға мониторинг жүргізілуде. Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері су басқан аумақтарды бірлесіп патрульдеуде.
«Атырау облысында су деңгейіне мониторинг жүргізу жалғасуда. Бүгінгі таңда Атырау қаласында су тасқынынан қорғау мақсатында 498 шақырым бөгеттерді нығайту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде», - деді Асқар Шәріп.
Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6148 тұрғын үй мен 2794 аула аумақтарынан су шығарылды.
Су тасқыны басталғаннан бері 119 220 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның 44 776-сы балалар. Республика бойынша 36 745 адам тұрғылыұты жерлеріне оралды. 6909 адам эвакуациялау пункттерінде.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 27 мыңнан астам адам жұмылдырылған.
Жаңалықтар
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады
- Елімізде балалардың атына жеке кәсіпкерлік рәсімдеуге болады
- Тағы да Талғар: Ер адамды тауға апарып ұрып 10 млн теңге бопсалаған
- Павлодарда кәсіпкердің өліміне 84 миллион теңге қарыз себеп болған
- Жітіқарада ер адам өгей ұлын пышақтап өлтірді
- Перизат Қайратпен байланысы бар: Бірнеше құрылыс компаниясын басқарған Мөлдір Сүйіншәлі үйқамақта
- Ақ үйде атыс шығарған күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- АҚШ президент Трамптың қауіпсіздігін күшейтпек
- Астанада балалар отырған аттракцион құлады, полиция тексеріп жатыр
- Трамп Америка тарихындағы ең көп шабуылға ұшыраған саяси тұлға
- Тоқаев ТМД елдерімен радиация бойынша дерек алмасу туралы заңға қол қойды
- Израиль президенті Ицхак Герцог Қазақстанға ресми сапармен келді
- Сотталған блогер Жанәбіловтер амнистияға ілінуі мүмкін
- Астанада LRT-мен жүруге арналған жеңілдік картасын кімдер ала алады?
- Ерлі-зайыпты блогер Жанәбілевтерге сот үкімі шықты
- 1 мамыр — бірлік символы: Қазақстан халқын біріктірген мереке қалай пайда болды?