Еліміздегі рейтингі төмен үш университет жабылды
Бұл университеттердің білім беру бағдарламаларының көпшілігі жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келмейді және студенттер арасында сұраныс жоқ.
Сот шешімімен Орталық Азия, Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті мен Астана университеті жабылды, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Соңғы жылдары бұл оқу орындары «Атамекен» ҰКП жүргізетін ЖОО рейтингінде төмен орындарға ие болды. Сонымен қатар, аталған университеттердің білім беру бағдарламаларының көпшілігі талаптарға сай емес, әрі студенттер арасында сұраныс жоқ болған.
— Жабылған университеттер сапаны көтеру үшін жұмыс істемеді, білім беру бағдарламаларына дерлік қаражат салмады, тәжірибелі мамандар тартпады. Талдау көрсеткендей, білім беру бағдарламалары рейтингі төмен университеттер тәуекел аймағына жататын университеттермен бәсекеде. Соның салдарынан кейбір университеттер лицензиясынан айрылып, білім беру қызметін тоқтатты, - дейді БҒМ Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.
Сондай-ақ ол жоғары оқу орындары талапқа сай болмаса, министрлік қатаң шаралар қолданатынын еске салды.
Бұрыннан осы аталған үш университеттің беделі нашар болған. 2019 жылы Астана университетін жоспардан тыс тексеру барысында заң бұзушылықтарды анықтап, әкімшілік іс қозғады.
Аталған университеттер білім беру қызметіне арналған лицензиясынан айрылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық