Еліміздегі полиция басшылары кезектен тыс аттестаттаудан өтеді
Қазақстан полициясы басшылары кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы жарлық шықты, деп хабарлайды Orda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясы басшыларын кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«2024 жылғы 1 сәуір мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде ішкі істер органдары қызметкерлерінің жекелеген санаттары кезектен тыс аттестаттаудан өткізілсін» делінген Тоқаевтың 28 ақпандағы жарлығында.
Жарлыққа сәйкес мемлекет басшысы орталық және өңірлік аттестаттау комиссияларын құруды тапсырды.
Құжатқа сәйкес, ішкі істер органдарының басшы лауазымдарды атқаратын қызметкерлері, оның ішінде жеке қауіпсіздік қызметінің өкілдері кезектен тыс аттестаттаудан өтеді. Бұл аттестация батальондар мен роталардың, оның ішінде арнайы бөлімшелердің кейбір командирлері мен олардың орынбасарларына да қатысты.
Ішкі істер министрі төрағалық ететін орталық аттестаттау комиссиясының құрамына бас прокурордың орынбасарлары, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағалары кіреді.
Сонымен қатар, комиссияның құрамына Ішкі істер министрінің орынбасары, Ішкі істер министрлігі аппаратының бастығы, Ішкі істер министрлігі Заң департаментінің бастығы, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары кіреді.
Жаңалықтар
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады
- Пашинян: «Бұл әрекет айқын арандатушылық». Ереванда Түркия туын өртеді
- Талдықорғандағы жеке ауруханда бала екінші қабаттан құлап, ота жасалды
- ҚМДБ-ның өз жасанды интеллект жобасы болады
- Елдегі базарлар неге жабылып жатыр? Министрлік жауап берді
- Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасындағы бітім туралы мәлімдеді
- Астанада түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен республикалық айтыс өтті
- Теміртауда үш бала ток соғып, жансақтауда жатыр: Тұрғындар бұрыннан дабыл қаққан
- Атырауда тұтастай жоғалып кеткен отбасы мүшелерінің қашан өлтірілгені белгілі болды?
- Сарыағаш ауданында жеті айда бес жасқа дейінгі алты бала қайтыс болды, ата-аналар министрліктен дәрігерлердің салғырттығын тексеруді сұрайды
- Қазақстанда әскерден жалтарғандарға жаңа шара әзірленіп жатыр
- Алматыда Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына беруге петиция жарияланды
- Қатарластарынан ақша бопсалаған студенттер ұсталды
- Түнде ТЖМ көмегімен үш өрт ошағы ауыздықталды
- Нұрлан Сабуров туған қаласына келді