Еліміздегі ХҚО-да өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары қайта іске қосылды
Еске салсақ, цифрлық даму министрі Бағдат Мусин өзіне-өзі қызмет көрсету аймағын жабу туралы шешімнің қате екендігін айтқан.
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламада:
«ҚР-ның цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің тапсырмасы бойынша сервистік орталықтарда өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының жұмысы қайта жанданды».
Бұған дейін карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты мегаполистер мен облыс аймақтарында ХҚО-да (Халыққа қызмет көрсету орталығында – ескерту ОРДА.) электронды мемлекеттік қызметтерді тәуелсіз алуға арналған аймақтар қызметін тоқтатқан болатын.
«Сәуір айынан бастап қазақстандықтар электрондық қызметтерді egov.kz порталында, eGovKzBot2.0 мобильді қосымшасында және Telegram ботында дербес ала бастады. Сонымен қатар, республика бойынша әкімдіктер, сауда және ойын-сауық орталықтары мен кітапханаларда 700-ден астам бұрыш ашылды. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторларын қайтару арқылы кез-келген азамат электронды мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарында дербес және кезекке тұрмай ала алады», - дейді ХҚО-ның баспасөз қызметі.
Еліміздегі 137 ХҚО-да өзіне-өзі қызмет ету аймағы қалпына келтірілді. Мемлекеттік корпорацияның 300-ден астам маманы азаматтарға кеңес берумен айналысатын болады. Бұл ретте egov.kz бұрыштары халыққа қызмет көрсету орталығы ғимараттарының сыртында жұмысын жалғастырады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық