Еліміздегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына 261,4 млрд теңге жұмсалды
Фото: Ашық дереккөзден
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) жұмсалған шығындар 19% өсіп, 2025 жылы 261,4 млрд теңге болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бір жыл бұрын ҒЗТКЖ шығындарының көлемі 219,6 млрд теңге болған.
2025 жылы ҒЗТК жұмыстарына жұмсалған шығындардың басым бөлігі Алматы (113,2 млрд теңге) және Астана қаласында (51,4 млрд теңге) болды. Сондай-ақ айтарлықтай көрсеткіш Маңғыстау (17,1 млрд теңге), Қарағанды (13,2 млрд теңге) және Шығыс Қазақстан облыстарында (12,1 млрд теңге) байқалды.
Ғылым салалары бөлінісінде ҒЗТКЖ-ға жұмсалған ішкі шығындардың ең жоғары үлесі инженерлік әзірлемелер мен технологияларға тиесілі болды – 86,3 млрд теңге, жаратылыстану ғылымдарына – 85,2 млрд теңге және ауыл шаруашылығы ғылымдарына – 30,9 млрд теңге.
2025 жылы ҒЗТК жұмыстарын жүргізген қызметкерлер саны ғылыми дәрежелері бойынша 28,3 мың адамд болып, 2024 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға артқан. Олардың 55,4% – әйелдер.
2025 жылы ҒЗТК жұмыстарын 434 кәсіпорын жүргізген.
Еске салсақ, Астанадағы саммитте Тоқаев 2026 жылды «білім мен зерттеулер жылы» деп жариялауды ұсынған болатын. Президенттің айтуынша, технологиясы дамыған болашаққа апарар жол білікті кадрлар дайындауға тікелей байланысты.
Оқи отырыңыз:
- Биыл жас ғалымдарға 200 пәтер беріледі - Тоқаев
- Ғалымдарымызды Қазақстанға қайтару маңызды — Тоқаев
- Тоқаев ғылыми кеңес отырысында атом энергетикасын дамыту мәселесін қарауды тапсырды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық