Еліміздегі ең бай бизнесмендердің бірі ірі зауытқа иелік етпейтін болды
Фото: Егемен Қазақстан
Дінмұхамет Ыдырысов «Ortabasy Group» компаниясы арқылы өзі басқарған «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» АҚ-ын бақылауды тоқтатты, деп хабарлайды Orda.kz.
30 желтоқсанда Қазақстан қор биржасы (KASE) сайтында жарияланған құжатта акционер ретінде «KazMetalInvest» ЖШС жалғыз құрылтайшысы және директоры Айдар Аманжолов көрсетілген. Қазір бұл компания зауыттың дауыс беретін акцияларының басым бөлігін бақылайды.
30 желтоқсанда жарияланған шешімде компания акционерлеріне төленетін дивидендтер мөлшері де белгіленген – 890,6 млн теңге (салыстыру үшін 2024 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша оның таза пайдасы 980,6 млн теңге болды).
Бұған дейін компанияны Қазақстандық Forbes рейтингінде 17-орында тұрған Дінмұхамет Ыдырысов басқарған. «Ordabasy Group» компаниясынан басқа акционерлік қоғамның құрылтайшылары қатарында оның зайыбы Магда Ыдырысова, сондай-ақ Ләззат Бидашева мен Оңғарбек Болысбеков бар.
Қазір Ақтөбе мұнай жабдықтары зауытының негізгі үлесі «KazMetalInvest» арқылы Айдар Аманжоловқа тиесілі, ал құрылтайшы компанияның тұрғанына бір жылдан аз уақыт болды (сәуір айында тіркеліп, небәрі 18,5 мың теңге салық төледі).
Дінмұхамет Ыдырысов пен оның отбасы мүшелері Қазақстандағы бірқатар коммуналдық кәсіпорындарды бақылайтыны туралы бір жыл бұрын Orda.kz егжей-тегжейлі жазған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық