Еліміздегі бензин мен дизель отынының бағасын мемлекет реттемейді
Қазақстан үкіметі бензин мен дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
«Бүгінгі таңда Қазақстандағы бензин мен дизель отынының бағасы әлемдегі ең төмен елдердің қатарында қалып отыр. Бұл айтарлықтай баға алшақтығына әкеледі, соның ішінде көрші елдермен салыстармалы түрде. Мысалы, Қазақстанда АИ-92 маркалы бензиннің бағасы литріне Т205, Ресей Федерациясында – Т288, Қырғызстанда – Т385, Өзбекстанда – Т489. Қазақстанда дизель отыны литріне Т295, Ресей Федерациясында – Т355, Қырғызстанда – Т427, Өзбекстанда – Т528 тұрады. Осылайша, АИ-92 маркалы бензин бағасының айырмашылығы 40%-дан 138%-ға дейін, дизельдік отынға – 20%-дан 79%-ға дейін жетті. Бұл тапшылықты, саланы жаңғыртудың мүмкін еместігін және әртүрлі заңсыз схемалар арқылы жанар-жағармайдың шетелге экспортталуына әкеледі», - деп түсіндірді жұма күні Энергетика министрлігі.
Бұл туралы еліміздегі жанар-жағармай материалдарының бағасын мемлекеттік реттеуге бағытталған 10-нан астам нормативтік құқықтық актілерді енгізу туралы ұсынысты ( жанар-жағармай) қарастыру барысында айтылды.
Энергетика министрлігі сұраныс пен ұсыныс арасындағы нарықтық тепе-теңдік құруға, жанармай тапшылығын жоюға, мұнай өңдеу өнеркәсібін жаңғыртуды ынталандыруға және ұзақ мерзімді инвестицияларды тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған «тұрақты баға моделі саясатына көшетітнін» мәлімдеді.
«Бұл саясаттың негізгі қағидаттары – кез келген өзгерістердің бірқалыптылығы мен болжамдылығы. Азаматтардың мүдделерін қорғау үшін әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жалғасады, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ашық схемалар мен тиімді бағалар бойынша дизельдік отынға кепілдік берілген қолжетімділікке ие болады», - деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Энергетика министрлігі бұл ретте мүдделі органдармен бірлесе отырып, нарықтағы бақылауды күшейтіп, заңнаманың сақталуын және ішкі нарықты жанармайдың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ететіндігіне уәде берді.
Жаңалықтар
- Алматыда орталық қалалық ауруханаға 2,5 млн теңге айыппұл салынды
- Астанадағы мектепте төбелескен оқушылар арнайы оқу орнына жіберілуі мүмкін
- Тоқаев Израиль президентіне Alem.ai орталығын көрсетті
- «Қазақстан — ортақ үйіміз»: Астанада 2000 оқушы «Алтын ұя» күйін тартты
- Астанада мәслихат шешімі күшіне еніп, көліктерді ақылы эвкуациялау басталды
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
- Индонезияда екі пойыз соқтығысып 14 адам қаза тапты
- Лифтті тепкілеп, қызды баспен ұрған «батыр» ұсталды
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әуе кеңістігін пайдалану қатаң бақыланады
- Елімізде балалардың атына жеке кәсіпкерлік рәсімдеуге болады
- Тағы да Талғар: Ер адамды тауға апарып ұрып 10 млн теңге бопсалаған
- Павлодарда кәсіпкердің өліміне 84 миллион теңге қарыз себеп болған
- Жітіқарада ер адам өгей ұлын пышақтап өлтірді
- Перизат Қайратпен байланысы бар: Бірнеше құрылыс компаниясын басқарған Мөлдір Сүйіншәлі үйқамақта
- Ақ үйде атыс шығарған күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- АҚШ президент Трамптың қауіпсіздігін күшейтпек
- Астанада балалар отырған аттракцион құлады, полиция тексеріп жатыр
- Трамп Америка тарихындағы ең көп шабуылға ұшыраған саяси тұлға