Еліміздегі армяндар Кесоянға: Армяндар шашыңды күзейтіні сөзсіз!
Ақмола облысындағы армян диаспорасы Тигран Кеосаянның кесапат сөзі туралы айтты. Олар Кеосаянның Қазақстан халқынан кешірім сұрауын қатаң талап етті.
— Кеосаянға Ақмола облысының армяндары атынан айта кеткіміз келеді, ол Арменияда туды ма, жоқ па, ол бұрыннан Ресей азаматы болды ма, оны ешкім білмейді. Өйткені бұл біз үшін қызық емес. Ол бізді қызықтырмайды. Қымбатты қазақстандықтар, жерлестер, айтарым, Қазақстан туралы айтқан бұл адам шеруге қатысты бізді, әсіресе армяндарды қатты қорлады, - дейді видеода «Бари» мәдени орталығының орынбасары Арман Манукян.
«Бари» армян диаспорасының төрағасы Норик Магламян да Қазақстан ұлтқа бөлінбеген көпұлтты мемлекет, ал қазақстандықтар ұлы халық деп санайды.
— Қазақстанға келгенімде Балқаш маңында тұрдым, қазақтың қандай халық екенін көрдім. Бізде ұлт болған жоқ, біз адам едік, бәріміз де күрестік, жаттықтық, футзалға бардық, жаттығып, жүгірдік, оқыдық, тіпті жақсы тәрбие алдық, бүгінгі күні де біз Қазақстанды мақтан тұтамыз. Біз балаларымыздың болашағын тек Қазақстанмен байланыстырғымыз келеді, - деді Манукян.
Ол Кеосаянның мәлімдемесінен кейін диаспораның шын ашуланып, қазақ армяндарын Кеосаянмен шатастырмауды сұрайтынын түсіндірді.
— Бір тентекке әркім жауапты емес, қарттарымыз айтқандай, қисық бұтақсыз орман болмайды. Сондықтан мен оның Қазақстанға келіп, олардың мұнда қалай өмір сүріп жатқанын көргенін қалаймын. Олардың бір-біріне қалай көмектесетіні, қалай алаңдайтыны, бір-біріне қалай қарайтыны, рухани сауықтыратынын және мерекелердің қалай тойланатынын көрсін. Сен кешірім сұра. Міндетті түрде халықтан кешірім сұра. Егер сен кешірім сұрамасаң, біз сен үшін кешірім сұраймыз. Сенің кешірім сұрауға да батылың жетпейді. Қазақ халқына тиіспе! Тағы да қайталап айтамын. Қазақтардың білімі жеткілікті, олар тіпті сенің бетіңе түкірмейді, бірақ армяндар міндетті түрде шашыңды күзейді, Кеосаян, - деді армян диаспорасының өкілі.
Олар бір ғана Ақмола облысында екі мыңнан астам армян тұратынын, барлығы жақсы өмір сүріп жатқанын және ешқайда кетпейтінін түсіндірді.
Кеосаянның мәлімдемесінен кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Тигран Кеосаянның Қазақстанды қорқытқан видеосына қатысты пікір білдірді. Оның атап өтуінше, аталған режиссердің Қазақстанға келуіне тыйым салынатын адамдар тізіміне енуі әбден мүмкін.
Еске салсақ, Кеосаян Қазақстан биыл Жеңіс күні шеру өткізбейді деген хабарда «достық ойындары аяқталды» деп, енді «аман қалу мәселесі» ойлауды ескерткен. Оның пікірінше, Қазақстан текетірестің бір жағын таңдауы керек, одан бейтарап қалу нәтиже бермейді екен.

Тигран Кеосаян - Sputnik ақпарат агенттігі «Россия сегодня» халықаралық ақпараттық агенттігінің бас редакторы Маргарита Симонянның күйеуі екенін еске саламыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық