Еліміздегі 133 мың заңсыз мигрант елден өз еркімен кетті
Полиция 133 мың заңсыз мигранттың елден өз еркімен кетуіне көмектесті, деп хабарлады Polisia.kz.
Ішкі істер министрлігі ағымдағы жылдың ақпан айында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасының екі кезеңін өткізді.
«Пандемия салдарынан мыңдаған шетелдіктер Қазақстан аумағынан шыға алмады. Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі, шет елдердің өкілдіктері және Халықаралық көші-қон ұйымының көмегімен бұл адамдарға құжат дайындауға көмек көрсетілді. Жыл басынан бері полиция 133 мың заңсыз мигранттың республикадан өз еркімен кетуіне көмектесті. Паспортының мерзімі өткен 675 шетелдікке қайтару туралы куәлік берілді», - деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
Сонымен қатар, көші-қон заңнамасын қасақана бұзу фактілері анықталды. Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында 582 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін рұқсатсыз пайдаланғаны үшін тиісті жауапкершілікке тартылды. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактілері бойынша 28 қылмыстық іс тіркелді.
Шымкент қаласында Өзбекстанның 70 азаматы мен Қытайдың 62 азаматын заңсыз жалдаған бірқатар заңды тұлғалар анықталды. Қазіргі уақытта заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Алдын алу шаралары барысында іздеуде жүрген 140 қылмыскер ұсталды. Олардың ішінде 129 қазақстандық, ТМД елдерінің 10 азаматы, сондай-ақ сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық пен бопсалау күдігімен халықаралық іздеуде жүрген Түркия азаматтары бар.
«Тек қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер де өздерін қауіпсіз сезінулері керек. Бұл полицияның басты міндеті», - деп атап өтті министр Ерлан Тұрғымбаев.
Көші-қон қызметі комитетінің мәліметтері бойынша көші-қон заңнамасын тұрақты түрде бұзушылар мен заңсыз көшіп келушілерді елден шығару туралы 969 сот шешімдері шығарылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық