Елімізде Жеңістің 77 жылдығы тойлануда
Сурет: Ақорда
Қазақстанда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығы тойланып, барлық ірі қалаларда мерекелік шаралар өтуде.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында алған жарақатынан қаза тапқан жауынгерлер бейітіне соғыс ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, қоғамдық және жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен гүл шоқтарын қойылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті. Республикалық гвардияның оркестрі Мемлекеттік әнұранды орындады.
Елордадағы Nomad City Hall сахнасында Д.Исабековтың «Тыныштық күзетшісі» драмасы көрсетіледі.
«Жастар» сарайы мереке күндері әлеуметтік желідегі парақшаларында «Батырдың ерлігі» онлайн жобасын жүргізуде.
10 мамырда «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде Жеңіс күніне арналған «Біз Жеңістің Ұрпағымыз!» дәрісі өтеді. Елордалық цирк атаулы даталарға орай көрермендерге арнайы цирктік бағдарлама әзірледі.
Сондай-ақ, бұл күндері елорданың белсенді жастары мен еріктілер халық көп жиналатын орындарда естелік төсбелгілер таратады.
Алматыда 9 мамыр күні сағат 9.30-да 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Мәңгілік алауға гүл қою рәсімі мен заманауи қазақстандық әскери техника мен қару-жарақ көрмесі өтті. Әскери дала асханасы бар Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне мерекелік дастархан жайылды. Сонымен қатар осы саябақта мерекелік концерт өтеді.
Ақорда бұдан бұрын хабарлағандай, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2022 жылы барлық өңірлерде соғыс ардагерлеріне кемінде бір миллион теңге көлемінде біржолғы жәрдемақы төленетін болады.
Еске салайық, Ұлы Отан соғысына 1,4 миллионға жуық қазақстандық қатысып, оның 600-ден астамы майданда қаза тапқан. 100 мыңнан астам қазақстандық жауынгерлік ордендермен және медальдармен марапатталды, 500-ден астам адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Сонымен қатар, 700 мыңнан астам қазақстандық майдангерлерді материалдық-техникалық жабдықтауға қатысып, Жеңіске қол жеткізуге елеулі үлес қосты. Мәселен, майданға арналған 10 оқтың тоғызын қазақстандықтар жасаған. Қазақстандықтар майданға 1,5 мыңнан астам вагон киім мен азық-түлік жөнелткен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық