Елімізде жауапты хатшы қызметі жойылды
10 желтоқсан күні сенат "Қазақстан үкіметі туралы" конституциялық заңға өзгеріс енгізіп, «жауапты хатшы» лауазымын алып тастады.
Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова хабарлады. Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев осы заң жобасын қарастыруды 1 қыркүйекте тапсырған. Айта кетсек, отырыстағы депутаттар шешімге қарсы болмады.
Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылы жауапты хатшы лауазымын енгізген болатын. Заңға сәйкес, жауапты хатшыны президент тағайындап, олар жоғарғы статусқа ие болатын. Аталған лауазым иелері президентке, премьер-министр мен министрге тікелей есеп беретін, бірақ министр өзгерген жағдайда орындарында қалатын. Олардың құқыларына атқарушы орган бөлімшелерінің басшыларын, қызметкерлерін жұмысқа алу не босату кіретін. Жауапты хатшыға министр міндеті және дәл солай министрге жауапты хатшы міндеті берілмеген.
Президент 2020 жылдың 1 қыркүйектегі жолдауында тәртіпті өзгертіп, жауапты хатшы міндетін аппарат басшыларына жүктеу туралы тапсырма берген.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында:
«Бұл институтты енгізер кезде жауапты хатшылардың ауыспайтындығы министрлерді әкімшілік кадрлық жұмыстан босатып, аппараттың тұрақтылығын қамтамасыз етеді делінген еді. Бірақ бұлай болған жоқ. Министрлер мен жауапты хатшылар арасында кикілжің жиіледі. Оның кесірі жалпы іске тиеді»,- деген.
Соңғы өзгеріске сәйкес, жауапты хатшы міндеті аппарат басшыларына жүктелді. Ал оларды министр тағайындайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық