Елімізде жарық бағасы қымбаттады
фото: pixabay.com
Қазақстанда электр энергиясының бағасы жылына 31,7%-ға өсті. Тарифтер еліміздің бар өңірінде қымбаттады.
Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.
Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, маусым айының соңында электр энергиясының бағасы бір ай ішінде 0,2%-ға көтерілді. Бұл тұрғыда әсіресе Батыс Қазақстан облысы алда тұр. Мұнда тариф бірден 7,9%-ға өскен. Қалған өңірлерде маусым айында бағалар өзгеріссіз қалған. Жалпы алғанда, жыл бойы Қазақстан бойынша электр энергиясының бағасы қымбаттады. Тек Ұлытау облысында баға баяғы қалпында қалды.
Баға өсуінің шарықтау шегі, әсіресе, Ақтөбе (+69,2% жыл сайын), Атырау (+68,2%), Павлодар (+48,5%), Шығыс Қазақстан (+44,5%) және Абай (+44,3%) облыстарында байқалды. Ал жарыққа баға оншалықты қатты өспеген аймақ — Маңғыстау облысы (тариф бір жылда тек 8% -ға өсті).
«Қазақстан бойынша орташа есеппен, тұрғындарға арналған электр энергиясының бағасы сағатына 100 киловатт үшін бірінші деңгейде 2,1 мың теңге, екінші деңгейде 2,8 мың теңге, үшінші деңгейде 3,5 мың теңге болды» деп хабарлады Energyprom сарапшылары.
Елімізде жалпы электр энергиясын өндіру көлемі 3,9%-ға өсті.
Электр энергиясының қымбаттауына себеп болған факторлардың бірі — басқа энергия таратушыларының санын азайту мәселесі болып тұр. Яғни, жеке компаниялардың лицензиялары сотсыз қайтарып алынғандықтан бизнестегі электр энергиясының бағасы кейбір өңірлерде екі есеге өсті. Бұл көптеген тауардың бағасының өсуіне де әкеп етеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық