Елімізде толық емес отбасыларға жылдық 2 пайызбен несиелік баспана беру ұсынылды
Сенат депутаты Серік Шайдаров аз қамтылған толық емес отбасыларға жылдық 2 пайызбен несиелік баспана алу механизмін анықтауды ұсынды.
— Жақында ғана жылына 2% жеңілдетілген несиелік мөлшерлемемен баспана алу мүмкіндігін қарастыратын «Бақытты отбасы» бағдарламасынан толық емес отбасылардың шығарылуына қатысты қоғамда наразылық туындады. Бұл шешім бірқатар себептерге байланысты қабылданды. Солардың бірі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, 2019-2020 жылдары мемлекеттік қолдау алу мақсатында жалған ажырасудың екі есеге артуы (2019 жылы – 27,4 мың, 2020 жылы – 59,8 мың ажырасу). Бәлкім, бұл жерде шындық бар да шығар. Дегенмен, бүгінгі таңда 148 мыңнан астам толық емес отбасы баспанаға мұқтаж, олардың 60 пайызының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен екенін түсінуіңіз керек. Бұл отбасылардың көпшілігі үшін жылдық 5 пайызбен несиелік баспана алу адам төзгісіз ауыртпалыққа айналады, - деді Шайдаров жұма күні Сенатта өткен үкімет сағатында.
Сенатор уәкілетті мемлекеттік органдарға бұл мәселені жан-жақты зерделеп, шын мәнінде мұқтаж толық емес отбасылар үшін жылдық 2 пайызбен несиелік баспана алу тетігін айқындау, оның ішінде халықтың осы санатын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы бағдарламаларға өзгерістер енгізу қажет деп санайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық