Елімізде тұрғын үй бағасы 30%-ға дейін қымбаттайды
Қазақстан құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев 2022 жылдың көктемінде тұрғын үй бағасының көтерілетіні туралы айтты.
Ерғалиевтің ойынша қазір құрылыс компаниялары тұрғын үйлерді 2014-2015 жылдармен салыстырғанда төмен бағада сатып жатыр екен.
— Ол уақытта үшінші немесе төртінші санаттағы тұрғын үйлер 1,5-2 мың долларға сатылса, қазір олар 750 долларға бағалануда. Бүгінде барлық компаниялар шығынға ұшырау шегінде тұр. Мәселе құрылыс компанияларында емес, құрылыстың 35-40%-ға қымбаттап кетуінде байланысты. Материалдар да 60-90%-ға көтеріліп кеткен, – деді Талғат Ерғалиев Құрылысшылар одағы отырысында.
Ерғалиев сонымен қатар құрылыстың құны небәрі 15%-ға өскенін айтты.
— Құрылыс 35-40%-ға қымбаттағанын, ал шаршы метрдің бағасы тек 15%-ға өскеніне логикалық тұрғыда қарайтын болсақ, бұл ертең бағаның өсуін күтеміз дегенді білдіреді. Коммерциялық тұрғын үй салушылар бағаны бірден көтере алмайды, олар ақырындап қосатын болады. 2022 жылдың көктеміне қарай бағаның шамамен 20-30%-ға өсуін күтеміз. Және бұл нақты бір жылдың ғана талдауы емес, бұл бүкіл құрылыс кезеңінің талдауы, – деген болжам білдірді Қазақстан құрылысшылар одағының басшысы.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин қыркүйек айының басында құрылыс компаниялары бастапқы және қосалқы тұрғын үй бағасын төмендететінін айтқан болатын.
Ол бағаның төмендеуі Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Атырау қалаларында байқалады деген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық