Елімізде шала туған нәрестелердің аман қалуы төрт есеге артты
Фото: gov.kz
Неонатальды реанимацияда қолданылатын жаңа перинаталдық технологиялар өте кішкентай салмақпен, шала туған балалар санын төрт есеге арттырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, шала туылып, толық жетілмеген балаларды аман алып қалу деңгейі де 86 пайызға артқан.
«Жыл сайын орта есеппен туа біткен жетіспеушілігі бар 1500 жаңа туған нәресте хирургиялық ем алады, оның 40%-ына эндовидеохирургия арқылы ота жасалады», - деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Министрлік Қазақстанның Орталық Азиядағы кардиохирургиялық операция туғаннан жасалатын жалғыз мемлекет екенін еске салды.
«Жыл сайын туа біткен жүрек ақауы бар балаларға 2 мыңға дейін ашық жүрекке операция жасалады, оның 75 пайызы бір жасқа дейінгі балалар», - деп атап өтті ведомство.
Елімізде қатерлі ісікпен ауыратын төрт мыңға жуық бала бар.
«Молекулярлық-генетикалық диагностика енгізілуде, ағзаларды сақтау операциялары жүргізілуде, соңғы 10 жылда елімізде 452 қан түзетін дің жасушаларын трансплантациялау, оның ішінде туыстық жақындығы жоқ шетелдік донорлардың көмегімен операциялар жасалды», деп қорытындылады Денсаулық сақтау министрлігі.
Биылғы шілде айында Ана мен бала орталығы шала туылған балаларды қалай күтетінін көрсеткен болатын.
Жаңалықтар
- Тоқаев: Балаларды қорғау — конституциялық міндет
- Қазақстан мен Қырғызстан полицейлері Шымкенттегі есірткі трафигінің жолын кесті
- Қазақстанға алғаш рет Кипр президенті келеді
- Жетісу облысы тұрғындарының қарсылығынан кейін құны 30 миллиард теңгелік жоба іске аспады
- Астана мен Алматыдан кейін полицияға көмекші робот-иттер Ақтауда қолданылады
- Қазақстанда бейрезидент тұлғаларға банк шоттарын ашу тәртібі өзгереді
- Ақтауда 1248 студент академиялық жауапсыздық күдігіне ілініп, 14-і оқудан шығарылды
- Балаң балағат айтса — айыппұлыңды дайында
- Токиода Азия елдеріндегі қазақ диаспорасының съезі өтті
- ШҚО-дағы KAZ Minerals компаниясының Артемьев шахтасы опырылып, кенші қаза тапты
- Президент Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жариялады
- Ұлыбритания, АҚШ және Аустралия суасты дрон бағдарламасын іске қосты
- Ресей 2030 жылға қарай автокөліктерге алкоқұлып орнатады
- Жылжымайтын мүлікке арналған техникалық паспорт онлайн рәсімделеді
- Еліміз балаларға медициналық көмек көрсетудің гибридті моделін енгізеді
- 200 тоннадан астам зақымданған астық елге кіргізілмей, экспорттаушы елге қайтарылды
- Прокуратура Алматы облысында 800-ден астам құқықбұзушылықты анықтады
- Bloomberg — Қазақстан өңірдегі цифрландыру көшбасшысы
- Жаңа Конституцияның қабылдануына орай кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін?
- Еліміздегі ҰБТ-дан шекті балл жинаған талапкерлер күмән туғызды